Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 4626 0 пікір 25 Қараша, 2015 сағат 03:00

КЕНТАУ ҚІІБ БАСШЫСЫ 10 АЙДА БОЛҒАН ҚЫЛМЫСТАР ЖАЙЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

Кентау қалалық әкімдігінің баспасөз орталығында ҚІІБ басшысының орынбасары Нұржан Дәулетовпен болған брифингте биылғы жылдың он айлық көрсеткіші бойынша құқық бұзушылықпен және орын алған қылмыстар туралы жергілікті БАҚ өкілдеріне жан-жақты мәлімет берді, - деп хабарлайды Абай порталы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кентау қалалық әкімдігінің баспасөз орталығында ҚІІБ басшысының орынбасары Нұржан Дәулетовпен болған брифингте биылғы жылдың он айлық көрсеткіші бойынша құқық бұзушылықпен және орын алған қылмыстар туралы жергілікті БАҚ өкілдеріне жан-жақты мәлімет берді. Қазіргі таңдағы жастар арасындағы қылмыстар 200 пайыз көрсеткішке, яғни 3/1 бөлікке төмендеді. Биылғы жылы көлік ұрлау, алаяқтық қылмыстар көтеріліп тұр. Алаяқтық қылмыс былтырғымен салыстырғанда 23 тен 38-ге көбейсе, ал көлік ұрлау қылмысы үштен сегіз пайызға өскен. Мал ұрлау қылмысы былтырғыға қарағанда 24,9 пайыз көрсеткішке төмендеді. Тонау қылмысы былтырғыға қарағанда төмендеген. Ауыр және аса ауыр қылмыстар былтырғы жылға қарағанда 38-ден 41 пайызға өсіп тұр, яғни 83,0%-85,7 % құрап тұр. Толығырақ айтқанда, Кентау қаласымен оған қарасты ауылдардағы жалпы құқық бұзушылықтардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 20,7%-ға өскен. Яғни 2014 жылы 503 қылмыс болса, биыл 2015 жылы 607 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 87-і теріс қылық.

- Бізде қалада нашақорлықпен он адам тіркеуде тұрады. Нашақорлықтан арылтып тура жолға түсуге олармен арнайы жұмыстар жасалынып жатыр.

Бейнебақылау камерасының да көмегі көп. Жол бойында қойылған бейнебақылау камерасы арқылы бізге он үш қылмысты ашуға мүмкіндік туды.

Қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында Кентау ҚІІБ қызметкерлерімен профилатикалық тұрғыда «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Айыппұл», «Қауіпсіз аула», «Жасөспірім» іс шаралары жиі өткізіліп тұрады, - деді ҚІІБ  басшысының орынбасары Нұржан Дәулетов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2251
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3504