Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4517 0 пікір 23 Қараша, 2015 сағат 15:50

2017 ЖЫЛҒЫ ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАНЫҢ БЮДЖЕТІ 17 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙДЫ

Универсиаданың жалпы операциялық бюджеті 32 миллиард теңгеден, 17 млрд теңгеге қысқарды. Бұл туралы Алматыда Универсиадаға дайындық аясында өткізілген Отандық тауар өндірушілермен ынтымақтастық форумында Алматы қаласының халықаралық спорттық жобалар дирекциясының директоры Әсет Әбдуалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, бастапқыда Универсиаданың операциялық бюджеті 32 млрд болған. Қазір екі есеге жуық қысқарған.

«Универсиаданы ұйымдастыруға жауапты Дирекцияның мақсаты Универсиаданы жоғары деңгейде өткізіп, бюджетті барынша үнемдеу, ірі демеушілер мен халықаралық туристерді тарту, лицензиялық өнімдер мен билеттерді сату негізгі міндеттеріміз. Жақында Елбасы мемлекет қаражатын барынша үнемдеу керектігі туралы айқын міндеттер қойған болатын. Біз сол тапсырманы орындаудамыз. Сол себепті транспортқа, тестілік шараларға, эстафета алауына кететін шығындарды оңтайландырдық. Мәселен, жарыстың ашылу және жабылу салтанаттарына кететін шығын 1,2 млрд теңгеге қысқарды. Транспорттық шығындар 1 млрд теңгеге, PR мен маркетингтің қаражаты 1,5 млрд теңгеге азайды. Эстафета алауы 500 млн.теңгеге, тестілік жарыстардың бюджеті 500 млнға қысқарды. Хафпайп дисциплинасын бигэйр мен шаңғы акробатикасына алмастыру арқылы  2 млрд теңге үнемдедік. Жалпы айтқанда, операциялық бюджет 17 млрд теңгені құрады.»,-деді Әсет Әбдуалиев.

Айта кету керек, Алматыдағы Универсиада өзге елде өткен жарыстарға қарағанда шығыны аз дода болмақ. Мәселен, 2011 жылы Түркияның Эрзурм қаласында өткен ойындарға 83 млн еуро жұмсалса, 2009 жылы Харбинде -105 млн еуро, 2013 жылы Қазанда өткен жазғы Универсиаданың шығыны 500 млн еуроны құраған.

Алматыдағы қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпанда өтеді. Аталған жарыс елімізді тарихында өтетін ең ірі спорттық жарыс болмақ.

Универсиада-2017 дайындығына қатысу үшін  қазақстандық компаниялар өз үлесін арттырмақ 


Сонымен қатар, Универсиаданың 17 миллиардтық операциялық бюджетінің 50 пайызын отандық өнім өндірушілердің тауарлары, жұмысы мен қызметі құрайды. 

«Жуырда үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарды «Қазақстанда жасалған» атты акцияны жүзеге асыруда отандық өнімдерге қолдау білдіруге шақырған болатын. Түсіндіре кеткім келеді, Универсиада бюджетінің маңызды бір бөлігі  IT-қамту мен халықаралық трансляцияларға жұмсалады. Бұл қызмет түрлерін ірі шетелдік компаниялар ұсынады-деді, Әсет Әбдуалиев.

Айта кету керек, қазақстандық қатысудың үлесі Универсиадада 53 пайызды құрайды. Ал шетелдік компаниялардікі- 47 пайыз. Бұдан бұрынырақ, Универсиада-2017 бюджеті 32 млрд теңгеден 17 млрд теңгеге қысқарғаны хабарланған. 

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Алматыда қысқы Универсиадаға дайындық аясында отандық өнім шығарушылармен ынтымақтастық форумы өткен болатын. Қорытындысында қазақстандық өнім шығарушылармен 20 млрд теңгеге меморандум бектіліген болатын. 

Алматыда өтетін қысқы Универсиада бағдарламасына спорттың 13 түрі кірді

Алматыда өтетін Универсиада ойындарының бағдарламасына кіретін спорт түрлері бекітілді.

Әсет Абуалиевтің айтуынша, Универсиаданың спорттық дисциплиналары мен спорттық нысандары толық бекітілді. 

«Осы уақытқа дейін сноубордтың халф-пайп дисциплинасының мәселесі шешілмеген еді.  Сноубордтың аталған түрін өткізу үшін 2 млрд теңгеге жер қазу жұмыстарын жүргізуді талап еткен. Бірақ біз бұл дисциплинаны қаланың орталығында уақытша конструкцияларда өтетін  биг-эйр мен шаңғы акробатикасына ауыстырдық. Оны ұйымдастыруға 2 млрд шығынның орнына 50 млн теңге кетеді,- деді Әсет Әбдуәлиев.

Универсиада бағдарламасына шаңғы сайысы, биатлон, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру спорты, сноуборд, фристайл, шайбалы хоккей, трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, бенди, таушаңғы спорты мен керлинг кіреді.  Универсиаданың тарихында бірінші рет сноубордтың бигэйр түрі мен шаңғы акробатикасы ашық аспан астында өтпек. Бұл жарыстарды өткізу үшін Алматының орталығынан уақытша спорт ғимараты бой көтереді.

Қалған спорт түрлері 8 нысанда өтеді. Оның үшеуінің құрылысы қазіргі уақытта жүргізілуде. Олар 12 мыңдық Мұз сарайы, 3000 мың адамдық Мұз аренасы және 5000 адамға арналған Атлетикалық ауыл салынуда.

Алматыдағы қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпанда өтеді. Аталған дода елімізді тарихында өтетін ең ірі спорттық шара болмақ. Оған 2000 спортшы, 1000 техникалық делегат пен төрешілер тобы қатысады. Және жарысты тамашалауға 30000 турист келеді деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Алматыда қысқы Универсиадаға дайындық аясында отандық өнім шығарушылармен ынтымақтастық форумы өткен болатын. Қорытындысында қазақстандық өнім шығарушылармен 20 млрд теңгеге меморандум бекітіліген болатын. 

2017 жылғы Алматыда өтетін Универсиаданы әлем бойынша 1 млрд халық тамашалайды


«2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиада ойындарын 80 елден 1 миллиард халық тамашалайды». Алматы қаласының халықаралық спорттық жобалар дирекциясының директоры Әсет Әбдуалиевтің cөзінше, Универсиада сияқты ірі доданың телеаудиториясы үнемі ауқымды болған. «Алматыдағы студенттердің қысқы Универсиадасы әлем жұртшылығы тағатсыздана күтіп отырған спорт шараларының бірі. Сондықтан әлемге танымал телеарналар жарыстан тікелей трансляциялар жасап, 80 елге таратпақ. Біздің есебімізше әлемнің 1 миллиард халқы Алматыдағы доданы тамашалайды»,-деді Әсет Әбдуалиев.

Алматыдағы қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпанда өтеді. Аталған дода елімізді тарихында өтетін ең ірі спорттық шара болмақ. Оған 2000 спортшы, 1000 техникалық делегат пен төрешілер тобы қатысады. Және жарысты тамашалауға 30000 турист келеді деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Алматыда қысқы Универсиадаға дайындық аясында отандық өнім шығарушылармен ынтымақтастық форумы өткен болатын. Қорытындысында қазақстандық өнім шығарушылармен 20 млрд теңгеге меморандум бекітіліген болатын. 

Атлетикалық қалашық Универсиададан соң, студенттердің жатақханасы айналады

Cондай-ақ, Универсиада ойындары аяқталғаннан соң, Атлетикалық ауыл, студенттердің жатақханасы мен педагогтарге тұрғын үй ретінде кепілдікке берілмек.

Атлетикалық қалашықта дамыған әлеуметтік инфрақұрылым (кафе, мейрамхана, банк бөлімшелері) кеңейтілген жол торабы болады,-деді Әсет Абуалиев.

Сондай-ақ барлық нысандар бұқаралық спортты дамыту үшін Универсиададан кейін ел игілігіне беріледі.  «Универсиада нысандарын басқаратын Дирекция құрылды. Олар мамандардың (инженерлік-сервистік топтар, маркетинг, брокеридждердің) жұмыстарына терең үңілуін қамтамасыз етеді. Осы орайда, біздер  кешендерді болашақта барынша тиімді басқаруға үміт арта аламыз. Ең үлкен міндет брокериджді орындауға (арендаторларды іздеу) болып табылады.  10 мың студент пен педагогтарды қамтитын нарық бар. Жалпы айтқанда Алатау ауданы- қаламыздың өсіп-өркендеуінің жаңа нүктесі. Жаңартылған инфрақұрылым Алатау ауданының дамуына кең серпіліс береді,- деді Әсет Әбдуалиев. 

Алматыдағы қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпанда өтеді. Аталған дода елімізді тарихында өтетін ең ірі спорттық шара болмақ. Оған 2000 спортшы, 1000 техникалық делегат пен төрешілер тобы қатысады. Және жарысты тамашалауға 30000 турист келеді деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Алматыда қысқы Универсиадаға дайындық аясында отандық өнім шығарушылармен ынтымақтастық форумы өткен болатын. Қорытындысында қазақстандық өнім шығарушылармен 20 млрд теңгеге меморандум бекітіліген болатын. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338