КЕНТАУДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ САПАЛЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында журналистермен өткен брифингте қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Алдыбаев атап өтті.
Кентау қаласында С.Сейфулин көшесіндегі №114 мекен жайда орналасқан бес қабатты 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы бой көтеріп, тұрғындарға пайдаланылуға берілді.
«Болашақ», «Батыс» және «Жұлдыз» мөлтекаудандарының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысының конкурстық құны 1928825,789 мың теңгемен нысанның құрылысын «Бетон Instruction» ЖШС жүргізуде. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында былтырғы жылы 500000,0 мың теңге қаралып толығымен игерілген болатын, ал биылғы жылы 2015 жылға 400000,0 мың теңге қаралды. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан нысанның кәріз жүйесі жүргізіліп, суағарларының (лоток) бірқатары орнатылды және асфальт жол төсеу үшін бастапқы жұмыстары жүргізілуде. Нысан алдағы жылда жалғасын табады.
«Шұғыла» мөлтекауданының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын «Нұрай құрылыс жолы» ЖШС жүргізуде. Нысанның құрылысына жалпы конкурстық құны 1270205,372 мың теңге қаралып құрылыс жүргізілуде. Сонымен қатар аталған мөлтекауданда ауыз су құбырларын орнатуға ағымдағы жылы 94000,0 теңге қаралып, мердігер мекеме тарапынан нысанның кәріз жүйесінің қазба жұмыстары жүргізілуде.
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы, Шаштөбе көшесіндегі №85 мекенжайда 300 орындықты орта мектеп салынды. Мектептің құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтіп, 2015 жылдың 15 шілдесінен бастап нысан пайдалануға берілді. Жалпы құны 463912,310 теңге қаралып құрылыс жұмысын «Алаш Тараз» ЖШС жүргізді.
Ал, қаламыздағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының қайта құру жұмыстарын «Real-building» ЖШС жүргізді. Нысан толығымен аяқталып, 27 тамызда мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтіп мекеме қолданысқа берілді.
Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылында С.Қожанов атындағы 200 орындықты мектеп құрылысы бой көтеріп келеді. Мектептің құрылыс жұмысын орындауға бас мердігер «Тепловодостройсервис» ЖШС жүргізуде. 50000,00 мың теңге қаралған нысан қазіргі таңда іргетасы құйылып, бірінші қабаттың қабырғасы көтеріліп, бірінші жаппасы жабылған. Құрылыс жұмысы келесі жылы да жалғасын табады.
Кентау қаласы Ы.Алтынсарин көшесінде №12 мекенжайдағы бұрынғы салынған 100 орындық бала-бақшасына қайта жаңару жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылдың 14 қыркүйегінде электронды конкурс жеңімпазы болып «Жаңа Арна 2002» ЖШС мен келісім шарт түзіліп, осы уақыт аралығында құрылыстың ішкі және сыртқы ескі сылақтары қырылып, жаңадан сылақ жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар шатыры ауыстырылып, қоқыстары шығарылды. Негізгі нысан келесі жылдың еншісіне қалды.
- Біздегі құрылыс жұмыстарының барлығы сапалы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары біткен соң мемлекеттік бақылаушы тарапынан комиссия келіп, тексерістен өткізеді. Алдағы уақытта Шұғыла мөлтек ауданында бес қабатты сегіз тұрғын үй салынады деп жоспарлап отырмыз. Онда тоғыз көше орналасатын болады, - деді қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Алдыбаев.
Abai.kz