Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2875 0 пікір 1 Маусым, 2010 сағат 13:27

Ақыры, ашылды-ау...

Бүгін, яғни маусымның 1-күні Астана төрінде Керей мен Жәнібек хандардың ескертіші ашылды. Естеріңізде болса, ашылғаны былай тұрсын, тұғырға қойылуы тұтас жырға айналған ескерткіштер тағдырына біздің портал да  үнін қосып, азаматтық бастама көтерген болатын. Бір жарым жылдан астам Тәуелсіздік сарайының ауласында теңкиіп жатқан қола ескерткіштер қазақ қоғамында дүрлігіс тудырды. Айта кетерлігі, монументальды композицияның салтанатты ашылуына бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып: «Қазақ мемлекеттілігін құрудың басында болған қос тұлғаға арналған ескерткішті ашып тұрмыз... », - деп  тебірене сөйледі. Деректерге салсақ, ескерткіштің тұғырынан байрақтың ұшына дейін 12 метр. Жәнібек ханның толық тұрқындағы биіктігі - 5,25 метр болса, Керей ханның отырғандағы биіктігі - 4 метр екен. Салмағы 16,2 тонна тартатын композицияның барлық элементтері қоладан дайындалған. Ескерткіш мүсіншісі - Ренат Әбенов

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345