Жұма, 22 Қараша 2024
Күбіртке 13418 0 пікір 23 Қазан, 2015 сағат 09:43

ЗЫМЫРАН ҚАЛДЫҚТАРЫ МАҢҒЫСТАУҒА ҚҰЛАЙДЫ. НЕГЕ?

ДАҒДАРЫСТАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ ОСЫ МА?

Орынбор маңындағы «Ясная» сынақ алаңынан ұшырылатын зымыран қалдықтары Маңғыстау облысының аумағына құлайтын болды. Бұл жайында Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков "Астана" теларнасының тілшісіне мәлімдеген.

Мейірбек Молдабеков зымыранның қай аумаққа құлайтынын және жер аумағының көлемін нақтылап айтпаған. Есесіне, Маңғыстау өңірі зымыран қалдықтары үшін қомақты қаражатқа ие болады-мыс. Бұл сомма жылына шамамен жарты миллиард долларды құрайды екен.

Мейірбек Молдабеков, ҚР Инвестиция және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары:

Маңғыстау облысы жерді жалға бергені үшін тиісті қаражатын алады. Менің білуімше шамамен 500 мың доллар көлемінде.  Сомма қомақты. Өйткені Маңғыстау облысының әкімдігі келісімді қуана мақұлдады. Бұл ақша облыс бюджетіне түседі. Зымыран қалдықтарына бөлінетін нақты территорияны айта аламаймын. Бірақ үлкен емес.

Редакциядан

Зымыран қалдықтары неге қазақ даласына түсуі керек. Әлемде ең үлкен территорияға ие Ресейге жер жетпей жатыр ма? Бұл қалдықтар зарарсыз болса, Путин ақша шығындамай-ақ өз мемлекетінің аумағына құлата бермей ме? Маңғыстау облысының әкімдігі не үшін қуанып жатыр. Елі мен жерінің тоз-тозы шығатындығына ма?

РФ Президенті В.Путиннің Қазақстанға сапары барысында Балқаш торабы мәселесі шешілді. Кеңес үкiметi күйреп, оның құрамындағы мемлекеттер тәуелсiздiк алған соң, 1994 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан үкiметi мен Ресей үкiметi арасында келi­сiм жасалған. Күнi бүгiнге дейiн Ресей Балқаш торабын осы құжат негiзiнде пайдаланып кел­дi. Ендi мiне, екi елдiң үкiметi 20 жылдан соң ескi құжатты ауыстырып, жаңа келiсiм­ге қол қойылды. Балқаш Баллистикалық зымырандар мен спутниктерді бақылайтын Балқаш станциясы 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Соған қарамастан Ресей осы күнге дейін жалға алу ақысын өтемеген. Мұның сыртында "Байқоңыр" ғарыш айлағына да көршіміз тиын-тебен бермей, зар қақсататынын есіңізге алыңыз... Сөйткен Ресей Маңғыстауға құлайтын зымыран қалдықтары үшін ақша төлей ме? Ақшасы құрысын, зардабын қайтеміз...

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1434
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3199
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5120