КЕРЕКСІЗ АНЫҚТАМАНЫҢ КЕСІРІ
«Соттылықа» байланысты қытайдан оралған қазақтардан анықтама талап ету туралы мәселенi шешу – ҚР Iшкi iстер минисрлiгi үшiн үлкен сынақ!
(Елшілікке хат жазып, мәселенің мән-жайын анықтаған ҚР ІІМ-нің азаматтары: Сабыржан Сейтжанов, Ерлан Тұрғынбаев (ортада) және осы мақаланың авторы - Ауыт Мұқибек).
Мәжiлiстiң екiншi оқылымында мақұлданған “Халықтың көшi-қон” заңына байланысты қуанышты жаңалықты БАҚ жарыса жазды, жариялады. Дегенмен, Қытайдан келетiн қандастарымыздан талап етiлетiн “соттылыққа” байланысты АНЫҚТАМА жөнiнде “Қазақстан арнасындағы «Жаңалықтар» қызметi «сотталмағаны туралы анықтама» жалғасты сұралады деп жатыр. Сонда бұл қалай?” деген секiлдi ел көңiлiндегi алаңдаушылық әлi де айықпай тұрғаны байқалды. Оның үстiне, кейбiр депутаттардың “Қытай үкiметi анықтама бередi екен!” деген шала байламы мен iшiнара жұрналистердiң жаңсақ ақпараты бұл күдiктi арттыра түстi. Соған байланысты тағы да бiр-екi ауыз сөз айуға тура келдi.
