Астанада сәрсенбі күні ауа райы ашық болып, Алматыда өткінші жауын жауады деп күтілуде
Астана. 2 маусым. ҚазТАГ - Синоптиктер Астанада сәрсенбі күні күн ашық болып, Алматыда өткінші жауын жауады деп күтуде, деп хабарлады ТЖМ.
Астанада ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14 м/с болады, ауа температурасы +24+26°С.
Алматыда ала бұлтты, өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Шығыстан 2-7 м/с самал соғып, екпіні 12 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +25+27°С болады.
Таңғы 6-да республика бойынша ең төменгі температура Шығыс Қазақстан облысында +7 грдаус, Астанада +9 градус болды. Ал Атырау облысында осы сағатта +31 градус, Қызылорда облысында +17, Алматы облысында +16 градус жылы болды.
«Қазгидромет» РМК-нің ескертуі бойынша, 2-ші маусымда Алматы, Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысында жауын-шашыннан таулы өзендердегі су тасуы мүмкін, Шығыс Қазақстанның таулы өзендерінде де су деңгейі көтеріліп, арнасынан асып, тасуы мүмкін.