Ұлттық банктің АВҚ мамырда 3,8%-ға, $27,7 млрд-қа дейін азайды – Ұлттық банк
Алматы. 2 маусым. ҚазТАГ - Игорь Киндоп. Ұлттық банктің таза халықаралық алтын-валюта қоры (АВҚ) мамырда алдын ала мәліметтерге сәйкес, 3,8%-ға, $27,7 млрд-қа дейін азайды. Ұлттық банктің басшылығы сәрсенбі күні баспасөз мәслихатының алдында осындай ақпарат таратты.
«2010 жылдың мамырында Ұлттық банктің таза халықаралық қоры 3,8%-ға, $27,7 млрд-қа дейін төмендеді, жыл басынан бергі өсім 22,3% құрады. Бұған еуроның АҚШ долларына қатысты курсының төмендегені негізгі себеп болды», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Таза валюта қоры мамырда 4,1%-ға төмендеді, алтын түріндегі активтер 1,1%-ға қысқарды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ұлттық банктің активтері $26,4 млрд құрап отыр.
Еліміздің халықаралық резервтері мамырда 1% қысқарып, $54,7 млрд құрады.