Алматыда бір баспахана кеңсесі тоналды
Алматы. 2 маусым. ҚазТАГ - Алматыда бір алматылық баспахана кеңсесі тоналды, деп құқық қорғау органдарынан хабарлады.
Белгілі болғандай, бұл оқиға сейсенбі күні түнгі 1 мен 2 арасында орын алыпты. Медеу ауданында орналасқан ЖШС территориясына еш кедергісіз енген төрт қарақшы, 57 жасар жергілікті күзетшіні бейтараптандырыпты.
Одан соң кабинеттердің біріндегі металл сейфті бұзған олар, $4 мың Т130 мың ақша мен ноутбук компьютерді алып кетіпті, дейді сұхбатшымыз.
Қарақшылардың қару қолданған-қолданбағаны, ұрланған қаражаттың жалпы көлемін полицей айта алмады. Сондай-ақ күзетшінің зардап шеккен-шекпегені айтылмайды. Аталған оқиғаны тонаушылық деп бағалаған полицейлер оны ашу үшін арнайы тергеу тобын құрды, деп хабарлады құқық қорғау органынан.