Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында екі кезеңмен мемлекеттік қызметке қабылдау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылады
Астана. 2 маусым. ҚазТАГ - ҚР мемлекеттік істер жөніндегі агенттігі Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында екі кезеңмен мемлекеттік қызметке қабылдау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырады. Пилоттық екі кезеңді конкурсты өткізу туралы бұйрыққа агенттік төрағасы Қайрат Нұрпейісов қол қойды. Сәрсенбі күні құжат ресми баспасөзде жарық көрді.
«Әкімшілік мемлекеттік қызметтерге қабылдау үшін конкурстық іріктеуді жетілдіру мақсатында 1999 жылдың 23 шілдесіндегі ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 14 бабына сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметтерге орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурсты өткізудің осы ережелерін бекітуді бұйрық етемін. Пилоттық екі кезеңді конкурс 2010 жылдың 1 қырқүйегінен 2011 жылдың 1 наурызына дейін Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткізілсін», - делінген құжатта.
Конкурсты өткізу ережелерінде айтылғандай, пилоттық жоба конкурстың бірінші кезеңі (тестілеу) бірреттік акция түрінде мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін барлық азаматтар үшін біртұтас тестілеу түрінде өткізіледі. Екінші кезеңде мемлекеттік органдар бірінші кезеңнен сәтті өткен азаматтардың арасынан іріктейді.
Бұйрық 2010 жылдың 1 қырқүйегінен 2011 жылдың наурызына дейін күшінде.