Сенбі, 17 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4236 0 пікір 19 Қазан, 2015 сағат 14:06

«АҚ ЖЕЛКЕН» МЕН «ҰЛАННЫҢ» МЕРЕЙТОЙЫ ТОЙЛАНАДЫ

Биыл балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ақ желкен» журналының жарыққа шыққанына 90 жыл, «Ұлан» газетінің қазақ балаларын тəрбиелеп келе жатқанына 85 жыл толды.

Осыған орай 23-24 қазан күндері Алматы қаласында «Біз де бала болғанбыз» атты мерейтойлық іс-шаралар өтеді. Оған зиялы қауым өкілдері, мектеп директорлары мен орынбасарлары, республиканың түкпір-түкпірінен төл басылымдарына жазып, жанашыр болып жүрген мектеп оқушылары мен студенттер арнайы қонақ ретінде шақырылып отыр. Жас дос, осы мерейтойды бірге атап өтуге сені де шақырамыз! Егер мүмкіндігің болса қызықты кездесулер мен мерекелік кештерден құр қалып қойма! 
Салтанатты кештің өтетін орны мен уақыты: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14 үй, ҚР Ұлттық кітапханасының үлкен залы. 23 қазан, сағат 14.30. 
Байланыс: 8 (727) 394-42-50
Электронды мекен-жай: npulan@mail.ru

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2681
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4388