Жұма, 2 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3185 0 пікір 15 Қазан, 2015 сағат 12:08

ШЕНЕУНІК МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ

ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов мемлекетке миллиардтан жоғары теңге айыппұлын төледі деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

«Сотталушы Оспанов мемлекет қазынасына айыппұлдың барлық сомасын төледі. Осылайша соттың оған қатысты айыппұл төлеу шешімі толықтай өтелді», -делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 13 ақпанында табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы аса ірі көлемде пара алды деген айыппен кінәлі деп табылған болатын. Сот шешімі бойынша, оған барлық мүлкі тәркіленумен қоса  1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге (шамамен 4 миллион доллардан астам) айыппұл салынған. Мұнан басқа бұрынғы шенеунікке мемлекеттік мекемелерде жеті жылға дейін жұмыс істеуге тыйым салынған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 286
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 298
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 276