Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025
Жаңалықтар 7023 0 пікір 14 Қазан, 2015 сағат 11:06

АЙЫМБЕТОВ - "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒАРЫШКЕР-ҰШҚЫШЫ"

Қазақстанның батыр ұлы Айдын Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің А.А.Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағын беру туралы қаулысы шықты. Ол қаулыда: 

"Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің А.А.Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағын беру туралы 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Космонавтиканы дамытуға сіңірген еңбегі, «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінде ұшу бағдарламасын табысты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қазан", - делінген.

Сондай-ақ, "Егемен Қазақстан" газеті Айдын Айымбетовке "Халық қаһарманы" атағы берілгенін хабарлады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2394
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5337
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4604