Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3014 0 пікір 3 Маусым, 2010 сағат 07:40

Алматы облысында телекоммуникацияны CDMА негізінде модернизациялау 50 мың абонентті байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді

Алматы. 3 маусым. ҚазТАГ - Алматы облысында телекоммуникацияны CDMА негізінде модернизациялау өңірдегі 50 мың абонентті байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, деп «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алматы облысында WLL CDMА 450 және WLL CDMA 800 технологияларын пайдалану арқылы телекоммуникациялық желіні жетілдірудің арқасында 50 000 абонент телефон байланысын алды», - делінген ақпараттық парақшада.

Хабарда айтылғандай, Қарасай ауданында үш жылда 7 базалық WLL CDMA 450 станциясын Қаскелең қаласы, Ақжар, Қырғауылды, Абай, Шамалған мен Қарағайлы ауылдары мен Шамалған станциясында орнатылды. Осы кезде Қаскелеңде бір базалық WLL CDMA 800 станциясы пайда болып, оларға барлығы 6875 абонент қосылып, олардың ішінде 988 Қырғауылды абоненттері қосылды.

Ауылды жерлерді телефондау мемлекеттік бағдарлама аясында және «Қазақтелекомның» қабылдаға бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. 

Өңірді телефондаудың қарқынды жылы 2008 жыл болды. Ол жылы Алматы облысында 16 ауданды қамтитын 39 базалық станция орнатылды.

«2009 жылы желінің кеңеюуі мен 11 базалық CDMA 450 станциясын Алакөл, Жамбыл, Іле, Қарасай, Панфилов, Талғар аудандарында және 3 базалық CDMA 800 станциясын Талғар, Қарасай мен Қапшағай аудандарында орнатылды», - деп айтқан Алматы ОДТ бас директоры Жексембай Мейрембаевтың сөзін баспасөз қызметі келтіріпті.

Алдағы уақытта халықтың телефон байланысына деген сұранысын қамтамасыз ету үшін және байланыс сапасын арттыру үшін сымсыз радио байланыстың 21 жаңа базалық станциясын орнату жоспарланған. Сымсыз байланыстың CDMA жүйесі байланысты стандарттау халықаралық ұйымымен үшінші буын байланыс желілерін құрудың ең перспективалы түрі ретінде ұсынылған, деп хабарлады «Қазақтелеком» баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340