Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4650 0 пікір 13 Қазан, 2015 сағат 14:26

ТЕАТР ШЫМЫЛДЫҒЫН «РАЙЫМБЕК! РАЙЫМБЕК!» ҚОЙЫЛЫМЫ АШАДЫ

Батырлығы жауда сыналған Райымбектей ерлердің арқасында Қазақ мемлекетінің іргесі қаланды, тұғыры бекіді.

 

«Басып алам жеріңді,

Сындырамын беліңді,

Шауып алам еліңді,

Жетім етіп балаңды,

Көрсетемін көріңді.

Қалың шерік артымда,

Жасағым бар сенімді», - деп астамси өкіректеген қалмақтың Құба батырына:

«Жер иесіз дедің бе?

Мал иесіз дедің бе?

Жан иесіз дедің бе?

Тыныш жатқан елімнің,

Тынышын бұзған кім едің?

Қағынған қалмақ, жөніңді айт,

Аттан түсіп бас иіп,

Айыбыңды төлеп, жөніңе қайт!

Көнбейтін болсаң айтқанға,

Тұрысатын жеріңді айт!

Қаһарыма тиіссең, қанды басың бері тарт!» - деп атойлайтын ер Райымбек жайлы «Райымбек! Райымбек!» атты поэтикалық дастан 14-қазан күні Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының мерейтойлық 70-маусымын ашпақ. Белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай : «Актерлер – қосмекенді жандар, біреуі – өзінің жүрегі, екіншісі – кейіпкері»-дегенді жиі айтатын. Әртіс кейіпкеріне айнала алғанда ғана шығарма өміршең. Әртістің шынайы ойыны ғана өзіне сендіреді.

Шығармашылық ұжым әруақты бабасының бейнесін мәртебелі көрерменге қандай ізденіспен жеткізбек? Ұлт азаттығы үшін аянбай шайқасқан батыр Райымбектің бейнесін халқымен қалай қауыштырады? Жаңа қойылым жаңашыл көзқарастағы көрерменін күтуде.

Қазақ даласын дүбірлетіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына тарту ретінде ұсынылып отырған бұл қойылымның келешек ұрпаққа үндейтін тағылымы зор.

 

Театрға асығыңыз, ағайын!

 

Театрдың баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4145