КРО қазақстандық мазмұнды арттыру бағдарламасы мен корпоративтік басқаруды жетілдіреді – компания есебі
Ақсай. 4 маусым. ҚазТАГ - Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КРО) компаниясы корпоративтік басқару принциптеріне берік және қазақстандық мазмұнда арттыру жөнідегі бағдарламаны жетілдіреді. Бұл туралы компанияның 3-ші маусымда жарияланған 2009 жылғы тұрақты даму жөніндегі есебінде айтылады.
Компанияда хабарлағандай, өзінің үндеуінде КРО бас директоры Джузеппе Пази «тұрақты даму КРО-ның Қазақстандағы іскерлік белсенділігінің құрамдас бөлігі болып табылатынын» атап көрсетті. «Біздің Қазақстан Республикасы мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен серіктестігіміз біздің бизнесті үкіметтің мақсаты мен міндетіне сай бағыттауға мүмкіндік береді. Ол республиканың табиғи ресурстарының дамуы жалпы ел үшін тұрақты кіріс алып тұруды қамтамасыз ететініне кепілдік береді», - деді ол.
Сондай-ақ, Джузеппе Пази «КРО-ның тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі күш-жігері ЕҚ, ҚТ мен ҚОҚ алдыңғы қатарлы жүйелерін қолдауға, корпоративтік басқарудың тұрақты қағидаларын қолдануда, біздің өндірістік үдеріске үздік технологияларды енгізу мен қазақстандық мазмұн бағдарламасын жетілдіруге, оның үлесі мен әлеуметтік дамуға қосқан үлесін арттыруға бағытталған», - деп қосып айтты.
Бұл КРО-ның тұрақты дамуына арнаған 2009 жылдың есебінің екінші басылымы. Есеп тәуелсіз куәландырылып, үш тілде жарық көрді (қазақ, орыс және ағылшын).

Онымен КРО-ның веб-сайтында (www.kpo.kz) танысуға болады.
Karachaganak Petroleum Operating B.V (KPO) келесідей компаниялармен құрылған бірлескен кәсіпорын болып табылады: British Gaz Group (BG) және Eni - 32,5%-дан, Chevron - 20% мен «Лукойл» - 15%.
KPO Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан әлемдегі ірі мұнай-газ конденсат кен орындарының бірі - Қарашығанақ кен орнын игерумен айналысады. Кен орнының аумағы 280 шаршы шақырымды алып жатыр. Мұнай, газ бен конденсаттың (HIIP) алғашқы баланстық қоры 9 млрд бар конденсат пен 48 трлн куб фут газ, есептеу бойынша жалпы қор 2,4 млрд бар. конденсат пен 16 трлн куб фут газ бар деп болжанп отыр.
КРО Қазақстандағы аса ірі газ өндіретін кәсіпорын болып табылады. Онда республикада өндірілетін барлық газдың 44% мен барлық өндірілген сұйық көмірсутектерінің 14,5% өндіріледі. 2009 жылы Қарашығанақта 139,4 млн баррель мұнай эквиваленті өндірілді.