Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Осы ғой енді... 8402 0 пікір 30 Қыркүйек, 2015 сағат 23:09

ҚЫРЫМДЫ УКРАИНАҒА "ҚАЙТАРЫП" БЕРДІ

Білім министрлігі халықаралық дау тудырған оқулықтарды түгел қайтарып алуы мүмкін. Комиссия тексеруден кейін «Мектеп» баспасына 10-шы, 11-ші сыныптың географиясы мен тарихында кеткен саяси қатені шұғыл түзету туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Даулы кітапта Украинаның аннексияланған Қырым аймағын Ресейдің бір бөлігі деп жазылған болатын. Мұны естіген ресми Киев наразылық нотасын жолдаған еді. Осыдан кейін Білім министрлігі тексеру жүргізген. Ғалымдар мен депутаттардан құралған комиссия «Мектеп» баспасына оқулықта кеткен қатені шұғыл түзету туралы шешім қабылдады. Және сапасыз сараптама жасағаны үшін «Оқулық» ғылыми-тәжірибелік орталығының басшыларына қатаң сөгіс жарияланыпты. Ал, оқушыларға таралып кеткен кітапты «Мектеп» баспасының қалай түзейтіні әзірге белгісіз. "Оған баспаның өзі бас ауыртуы тиіс", -  дейді министрліктегілер. Ресей Қырым аймағын былтыр наурызда референдум арқылы деген желеумен Украинадан тартып алған болатын. Мұны Мәскеудің кейбір одақтастарынан басқа елдер мойындаған емес.

"Қырымды Ресейге сыйлаған" Қазақстанның аты шулы екі кітабы - осы. 

1. "Қазіргі дүниежүзі географиясы" (қоғамдық гуманитарлық бағыт). Таралымы: 26 000 дана.

2. "Дүниежүзі тарихы" (қоғамдық гуманитарлық бағыт). Таралымы: 12 000 дана.

 

 

Дұрыс-ақ делік. Министрлік осылай сүттен ақ, судан таза болып шыға келді. Десе де, біздің көкейімізде: "Халықаралық дау тудыратын қате кітаптар басылып жатқанда министрлік не қарап отырды?" деген сауал қалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036