«Богатырь Көмір» 2010 жылы кәсіпорындарға 34 млн тоннадан астам көмір жеткізуді жоспарлауда
Астана. 4 маусым. ҚазТАГ - «Богатырь Көмір» қазақ-ресей бірлескен кәсіпорны (БК) 2010 жылы кәсіпорындарға 34 млн тоннадан астам көмір жеткізуді жоспарлауда, деп компания баспасөз қызметі жұма күні хабарлады.
2010 жылдың басынан бері БК тұтынушыларға жеткізілімдердің көлемін 2009 жылмен салыстырғанда 17,8%-ға арттырып, 16,9 млн тоннаға жеткізді, делінген ақпараттық парақшада. Компанияда мұны «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС көмірді көп пайдалана бастағанымен, оларға қаңтар -мамырда жеткізілімдер 12,3%-ға артып, 9,1 млн тоннаға жетуімен түсіндіреді.
«Биылғы алғашқы 5 айда «богатырьлық» көмірді ресейлік электр станцияларына сату көлемі 29,1%-ға өсіп, 7,5 млн тоннаға жетті. Бұл өсу энергетикалық шикізатқа деген сұраныстың артуынан болып отыр», - делінген хабарда.
Мысалы, ресейлік Рефтинск МАЭС-і 2010-шы жыл басынан бері 3,4 млн тонна көмір алып, ол алғашқы тапсырыстан 846 мыңға артық болды. Сондай-ақ басқа ресейлік МАЭС-тер көмір тұтынуды арттыра түсті.
2009 жылы кәсіпорын тұтынушыларға 34,8 млн тонна көмір жөнелтті. Ол 2008 жылмен салыстырғанда атарлықтай төмен.

«Богатырь Көмір» ЖШС-тің акцияонерлері - тең құқықпен «Самұрық-Қазына» мен «Ресейдің РАО ЕС». Компания үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмірдің 70% көлемі тиесілі. Экспорттық жеткізілімдер көлемі жылда өндірілетін көмірдің 50% көлемін құрайды.