Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2711 0 пікір 7 Маусым, 2010 сағат 08:38

Қырғызстанның оңтүстігінде қылмыстық қақтығыс кезінде «Қара Айбек» лақап атты ҰҚТ жетекшілерінің бірі атып өлтірілді (толықтыру)

Бішкек. 7 маусым. ҚазТАГ - Игорь Шестаков. Қырғызстанның оңтүстігінде қылмыстық қақтығыс кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) жетекшілерінің бірі - «Қара Айбек» есімді қылмыскер атып өлтірілді, деп хабарлады дүйсенбі күні республика ІІМ.

«Қылмыстық әлем серкелерінің бірі - лақап аты «Қара Айбек» Айбек Мирсидиков 7 маусымға қараған түні Жалал-Абад облысының оңтүстігінде өлтірілді», - деп хабарлады баспасөз қызметі ҚазТАГ.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, «А. Мирсидиков пен үш адам отырған автокөлікке автомат қару қолданумен шабуыл жасалған». «Көліктің ішінде отырған төрт адамның бәрі қаза болды», - деп мәлім етті ІІМ өкілдері. Олар А.Мирсидиковтың іздеуге жарияланбағанын хабарлады.

Сарапшылардың пікірінше, «Қара Айбек» елдің оңтүстігіндегі ықпал ету аймағы үшін күрес нәтижесінде өлтірілді. 2000 жылдардың басында А. Мирсидиковтың қарулы тобы тонаушылық, рэкет, есірткі транзиті сияқты қылмыстар жасаған.

Оппозиция Ахмад Бакиевпен (экс-президент Құрманбек Бәкиевтің ағасы) байланыстыратын А.Мирсидиков 13-14 мамырда Жалал-Абадтағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыптап отыр. Өзбек қоғамының лидері экс-депутат К. Батыров А. Мирсидиковты облыстық әкімшіліктің ғимаратын басып алған Бәкиевтің жақтастарын қаруландырды деп тікелей айыптады.

К. Батыров пен ұлты өзбек А. Мирсидиковтың бұл күресі бірнеше жыл бойы жалғасып келеді. Олар бір-бірін қастандық жасады деп айытады, ал А. Мирсидиков К. Батыровты А. Мирсидиковтың ағасы қаза болған қастандыққа айыпты деп кіналаған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340