Шымкентте мотор майларын өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт іске қосылды
Шымкент. 7 маусым. ҚазТАГ - Шымкентте мотор майларын өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт іске қосылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Hill» компаниясы» ЖШС алғашқы өнімдері тапсырушыларға жөнелтілді. Олар - «ҚазМұнайГаз» және «ИнтерГаз».
«Жыл сайын Қазақстан 400 мың тонна мотор майын тұтынады және бұл көлемнің бәрін шетелден импорттайды. Біз жалпы қажеттіліктің 30% жабамыз. Импорт алмастыру сомасы жылына $500 құрайды», - деп мәлім етті компанияның атқарушы директоры Баходыр Сайдуллаев.
Кәсіпорынның қуаты - жылына 70 мың тонна жанармай материалдары. Кәсіпорын басшылығы оның құны импортталатын өнімнің бағасынан 15%-ға арзан, ал сапасы халықаралық деңгейде болады деп сендіріп отыр. Өндірістік циклды Еуропаның озық компанияларының сарапшылық жабдықтарымен жабдықталған заманауи сынақ зертханасы бақылайды.
«Сондай-ақ, біз жеткізу мерзімдерін қысқарта аламыз. Шетелден май жеткізу екі ай уақыт алады. Ал біз еліміздің кез-келген нүктесіне екі аптада жеткізіп береміз», - дейді Б. Сайдуллаев.
Бүгінгі күні кәсіпорын кез-келген мотор майын шығаруға дайын. «Зауытта жоғары технологиялық жабдықтар орнатылған, ол гидравликалық, компрессорлық, турбиналық майлар шығара алады, қазір бұл процесті меңгеріп жатырмыз», - деді ол.

Жаңа кәсіпорында 200 тұрақты жұмыс орны құрылды. Шикізаттың бір бөлігі импортталады, бірақ зауыт негізгі құрам мен басқа құрамдастарды Қазақстанда шығаруды жоспарлап отыр.