Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 5895 0 пікір 19 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

ӨЗГЕ ҰЛТ АРАСЫНДА «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті
өзге ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары» республикалық байқауын өткізеді. 

Өтетін уақыты: 2015 ж. 23 қыркүйек

Іс-шараның басталуы: сағ: 10.00 

Өтетін орны: Семей қаласы, Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы-драма театры

Қатысушы қонақтар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, 

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, қала әкімінің аппараты мен дербес бөлімдердің мемлекеттік қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері және т.б.

Байқау өзге ұлт өкілдері жастары арасында Абай мұраларымен етене жақындастыру, өткен күндердің елесін қайта жаңғырту арқылы барша қазақстандықтардың елсүйгіштік сезімін күшейтуді мақсат етеді.

«Абай оқулары» байқауына еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) қатысады. Байқау ережесіне сәйкес Абай шығармаларын жатқа оқу, «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай шеберлікпен орындау, Абай әндерін немесе халық әндерін шырқау машықтары бойынша сайысқа түседі. Байқау жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3503