Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4031 0 пікір 19 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТІЛДЕР МЕЙРАМЫ ӨТТІ

Талдықорған қаласының орталығында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «KMF» Микроқаржылық ұйымының демеушілігімен «Келісім – бірлік бастауы» атты фестиваль өтті. Аталмыш шара Тілдер мейрамы мен Талдықорған қаласы күніне орай ұйымдастырылды.

Орталық алаңға құрылған сахнаның сәні әсем қаланың алуан түсті шамымен астасып, қонақтардың көз жауын аларлықтай. Осындай салтанатты шарада алғашқы болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев: «Құрметті қонақтар, қадірлі қала тұрғындары, Мемлекет басшысының Жарлығымен биылғы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жария­ланды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуы мен демеушілік көрсетуі арқасында республикалық, облыстық деңгейде көптеген шаралар өтті. Құрметті қауым, бүгінгі фестивальге арнайы қатысып отырған қонақтарымызға көп рахмет. Баршамыздың сүйікті қаламыз өсіп, өркендей берсін» дей келе барша қонақтарды биылғы жылғы өтіп жатқан мерекелерімен құттықтады. Сөз соңында «Шаңырақ» атты этножурналистика саласында өткен тақырыптық байқаудың жеңімпазы «Жетісу» телеканалының редакторы Надежда Белова мен облыстық «Огни Алатау» газетінің тілшісі Хасан Еспановты марапаттады.

Этномәдени бірлестіктер арасындағы ең үздік әлемдік жобаны іске асырған облыстық болгар этномәдени орталығының төрағасы Дария Кравченконы Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев құттықтады. Сонымен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен Абай оқуларының жеңімпаздары Эсмира Сардарова, Юлия Ан, Әмина Алиева ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әріннің қолынан марапат алу құрметіне ие болды.

Дүркіреген тойдың дүрмегін қыздыруға «Талдықорған әуендері», «Шағала би», «Өрнек би», «Тауған тель» сынды ән-би ансамбльдерінің өнер жұлдыздары қатысты. Ел бірлігін сақтаған, Тұран даласында мамыражай тірлікте той тойлап өскен халықтың бүгінгі буыны да әсем қаладағы мерекені есте қаларлықтай өткізді.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450