Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 3508 0 пікір 19 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

ОҚО: ҮЗДІК ҰСТАЗДАРДЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ҚАЖЕТ

Үздiк ұстаздарды баспанамен қамтуымыз керек, - деп мәлімдеді облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов. 

Облыс әкiмi Бейбiт Атамқұлов Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Шон Перри Стайлмен кездестi. Кездесу барысында тараптар облыстың инвестициялық мүмкiндiктерiн талқылады. Өңiр басшысы облыстың ауыл шаруашылығы саласында әлеуетi жоғары екенiн айтып, елшiнi ет, сүт бағытындағы инвестициялық жобаларға канадалық кәсiпкерлердi тарту iсiне атсалысуға шақырды.

Б.Атамқұлов халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету жүйесiн жетiлдiру бойынша Канадамен тәжiрибе алмасуға болатынына тоқталып, бұл елдiң муниципалитеттiк басқару әдiсiне қызығушылық танытты. Сондай-ақ, канадалықтар «Smart-City» – «Ақылды қала» жүйесi бойынша жұмысты жүйелеген. Облыс басшысы Шымкент шаїарын басқаруда бұл жүйенi енгiзу тиiмдi болатынын айтты.

Өз кезегiнде Шон Перри Стайл Канаданың ирригациялық жүйесiндегi артықшылықтарды әңгiмелеп, мал тұқымын асылдандырудың тың тәсiлдерiн, жүзiм өсiрудiң жаңа технологияларын, тау-кен iсiндегi тәжiрибелерiн Оңтүстiк Қазақстан облысында оңтайлы пайдалануға болатынын айтты. Мәртебелi мейман облыс әкiмiнiң барлық бастамаларына қолдау көрсетiп, болашақта бiрлесiп жұмыс iстеуге уағдаласты.

Айта кетейiк, мәртебелi мейман ОҚО-ға жасаған сапары барысында Ордабасы ауданындағы күркетауық етiн өңдейтiн «Ордабасы құс» фабрикасында, Қазығұрт ауданындағы «Амангелдi» шаруа қожалығының интенсивтi бау-бақшасы мен асылдандыру орталығында, Созақтағы «Инкай» ЖШС-нiң өндiрiс нысандары мен Түркiстан қаласындағы тарихи-мәдени орындарда болды.

***

Сонымен қатар, облыс әкiмi Бейбiт Атамқұлов Riam institute of Technology институты директорлар кеңесiнiң төрағасы Дато Хи Кинг Чонг мырза бастап келген Малайзияның техникалық және кәсiптiк бiлiм ұйымдарының төрағаларымен кездестi.

Кездесу кезiнде өңiр басшысы техникалық және кәсiптiк бiлiм саласы бойынша облыста 92 колледж жұмыс iстейтiнiн, онда 97 мамандық бойынша 75 мыңнан астам студент бiлiм алып жатқанын айтты. Сондай-ақ, Бейбiт Бәкiрұлы биыл құрылыс, техникалық, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салалары бойынша облыстағы 24 колледжде дуальдi оқыту жүйесi iске асырылып жатқанын, ал, кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн жетiлдiру мақсатында туризм, тiгiн, тоқыма, тамақ өндiрiсi мен транспорт, ауыл шаруашылығы, құрылыс, техникалық және энергетика салалары бойынша базалық колледждер құрылғанын да жеткiздi.

Тәжiрибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған кездесуде малайзиялық делегаттар ОҚ-да әлемдiк деңгейдегi техникалық колледж салуға ниеттi екендiктерiн айтты. Аталған оқу орны негiзiнен инженерлiк-техникалық, мұнай-газ, тамақ өндiрiсiне қажеттi мамандарды даярлайтын болады. Сондай-ақ, меймандар оңтүстiкқазақстандық әрiптестерiн өз елдерiне барып, тәжiрибе алмасуға шақырды. Тиiсiнше, Малайзияға ОҚО-дан арнайы делегация баратын болып келiсiлдi.

***

Осы күнi облыс әкiмi Бейбiт Атамқұлов өңiрiмiзге арнайы iссапармен келген ҚР Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiповтi қабылдады. Кездесу барысында облыс әкiмi өңiрдегi үздiк ұстаздарды баспанамен қамту мәселесiн көтерiп, министрге ұсыныс айтты. Мұғалiмдерге мемлекет тарапынан жасалатын көмек мәселесiн ыждағаттылықпен тыңдаған елiмiздiң бас мұғалiмi бұл ұсыныстың жан-жақты қаралатынын айтты.

Облыстың бiлiм саласындағы түйткiлдi проблемалары мен бiлiктiлiгi жоғары мамандарды даярлау мәселелерi сөз болған жиында аймақ басшысы елiмiздегi әрбiр үшiншi «Алтын белгi» иегерi Оңтүстiктен шығатынын, ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл 78,8 болып, облыс бiлiм саласы бойынша республика көлемiнде алдыңғы қатарда тұрғанын айтты.

Облыстағы жоғары көрсеткiштердi растаған Бiлiм және ғылым министрi өңiрдегi 11 жоғары оқу орнының студенттерi Студенттер лигасы спартакиадасында да белсендi екенiн ризашылықпен атап өттi.

А.САЙЛАУҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580