Алматы қаласының орталығында тапа-тал түсте отставкадағы милиция генералын тонап кетті
Алматы. 8 маусым. ҚазТАГ - Дүйсенбі күні Алматының Алмалы ауданында отставкадағы милиция генерал-майорын тонап кетті.
Құқық қорғау органдарындағы дереккөз ІІМ зейнеткеріне шабуыл жасалғанын хабарлай отырып, оның сағат 10 мен 11-дің арасында Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысына жақын жерде тоналғанын атап көрсетті.
Нақтыланбаған мәліметтерге сәйкес, қылмысқа жасы 25-тен аспаған белгісіз біреудің қатысы бар. Қаскүнем 71 жастағы қарияға жүгіріп келіп, оның қолындағы шағын сумкасын жұлып алған, оның ішінде құжаттар мен Т750 мыңнан аса ақша болған.
Зардап шегушінің айтуынша, қылмыскердің келтірген шығынның жалпы көлемі Т800 мың құрайды.
Қалалық ІІД милиция генералы тоналғанын қуаттап, күдіктіні анықтап, қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылғанын хабарлады.