Жексенбі, 20 Сәуір 2025
46 - сөз 4401 0 пікір 18 Ақпан, 2016 сағат 07:42

"БҰНЫ БІЗ АТПАЙМЫЗ. ҚАРҒЫС АТАДЫ!"

Үлкен сот жүріп жатыр. Сот төрағасы ортаға біреуді шығарып: «Мына жексұрын ел-жұрттың малын ұрлап сатқан ...» - деп таныстырды. Сонда ортаға бір батыр шығып әлгіні садақпен атып тастады. Төраға ортаға келесі қылмыскерді шығарды: «Бұл - мемлекеттің қазба-байлығын жатжұрттықтарға сатқан» - деді. Бұны да бір жігіт мылтықпен атып мүрдем кетірді. Төраға үшінші қылмыскерді таныстырды: «Бұл - ділін, дінін, тілін сатқан қарабет». Жұрт тым-тырс. Бір мезетте бәрі теріс айналып тарай бастады. Төраға: "Ау, бұларың не, мына қылмыскерді кім атады?!" - деді жан дауысы шығып.  Тарап бара жатқандардың ішінен бір ақсақал сәл аялдады да: «Бұны біз атпаймыз. Қарғыс атады!» - деді.

Нұрлан Сәдірдің FB парақшасынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4937
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4131