Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3206 0 пікір 10 Маусым, 2010 сағат 05:42

Атырау облысында экологиялық туризмді дамыту жобасы басталды

Атырау. 9 маусым. ҚазТАГ - Атырау облысында «Атырау облысындағы Дамбы ауыл округында  экологиялық туризмді дамыту: биологиялық әралуандылық компоненттерін пайдалану» жобасын іске асыру басталды.

Бір жылға есептелген жоба (2011 жылғы қыркүйекке дейін) «Глобус» атты эколого-құқықтық орталықпен жүзеге асырылып отыр.

«Жоба мақсаты екеу: біріншіден, ауыл қауымдастығының арасында жалпы экотуризм туралы ағарту бағдарламасын жүргізу, екіншіден, Дамбы ауыл округ тұрғындарын ішкі туризм индустриясын дамытуға тарту. Ондай туризмнің түрі - экологиялық, танымдық, халық өнері мен ұлттық дәстүрлерді дамытуға бағытталған этникалық туризм болып табылады», - делінген «Глобустың» таратқан ақпараттық баянында.

«Жоба территориясы ретінде Дамбы және Амангелді ауылдары таңдап алынған. Олар «Ақ Жайық» табиғи резерват маңында орналасқан. Дәл осы Дамбы және Амангелді ауылдарының маңынан маңызды туристік маршруттар өтеді. Ол ең алдымен резерваттың ішіне, Жаяу түбегіне (жаяу не атпен саяхаттау үшін) кіретін жол, ғылыми-танымдық маршруттар, құстарды бақылау, таяз сулы және шалқар экожүйелерін бақылау», - делінген ақпараттық баянда.

Жобаны іске асыру ауданы ҚР үкіметі бекіткен «Туризм» кластерін дамыту пилоттық бағдарламасы бойынша таңдалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375