Қырғызстанның оңтүстігіндегі тәртіпсіздіктер салдарынан қаза болғандардың саны 17-ге жетті
Бішкек. 11 маусым. ҚазТАГ - Игорь Шестаков. Ош қаласы мен Ош облысындағы тәртіпсіздіктер салдарынан 17 адам қаза болды, 252 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің атап көрсетуінше, қазір 25 адам ауыр халде амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда. Медициналық көмекке жүгінгендердің басым бөлігі қару оғынан жарақат алған.
«Ош қаласында және Ош облысында орын алып отырған оқиғаларға қатысты алаңдап отырмыз. Қырғызстандағы жағдай алдағы уақытта да Ресей басшылығының назарында болады», - деп мәлім етті Бішкекте жүрген Ресей президентінің Қырғызстан бойынша арнайы өкілі Владимир Рушайло.
Оның айтуынша, РФ «Қырғыз Республикасындағы саяси жағдайды тұрақтандыруды, парламенттік сайлау өткізуді, республиканы құқықтық арнаға бағыттауды, қырғыз қоғамының экономикалық және әлеуметтік бөлігіне қолдау көрсетуді» өзінің негізгі міндеті санайды.
В. Рушайло 8-11 маусымда уақытша үкіметтің басшылығымен, АҚШ, Германия, Қазақстан елшілерімен, ДИАҚБ миссиясының жетекшілігімен ҚР президентінің Қырғызстан бойынша арнайы өкілі Болат Өтемұратовпен кездесті.
«Біз тараптардың позицияларын салыстырып, әріптестеріміздің Қырғыз Республикасынлағы ахуалдың тұрақтанғанына мүдделі екенін көрдік», - деді В.Рушайло.