Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2248 0 пікір 14 Маусым, 2010 сағат 08:15

Қазақстан Қырғызстаннан босқындар легін күтпейді – Божко

Астана. 14 маусым. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Қазақстан Қырғызстаннан осы елдің оңтүстігіндегі бейберекетсіздікке байланысты қашқындар легі болмайды деп болжайды, деп ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко хабарлады.

«Бұл Қырғызстанның оңтүстігінде болып жатыр ғой. Ол жақтың босқындары Қырғызстанның солтүстігіне (яғни Қазақстанмен шекараға - ҚазТАГ) келу ықтималдығы өте төмен. Үкімет зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр және бізден көмектесу туралы өтініш жасаса біз толығымен дайынбыз», - деді ол журналистерге дүйсенбі күні үкімет отырысының кулуарында.

Сонымен қатар ол, ондай босқындар пайда болған жағдайда Қазақстан оларды қабылдауға дайын деді. «Біз жағдайдың ушығуына әр кез дайынбыз. Біз барлық жағдайға шара қолдану жолдарын қарастырып жатырмыз, бірақ қандай да шешім әзірге қабылданған жоқ», - деді В. Божко.

Оның айтуынша, Қырғызстанға көмек гуманитарлық және босқындарды қабылдау түрінде де көрсетілуі мүмкін.

Бұл тұста, ішкі істер министрі Серік Баймағамбетовтың мәліметтерінше қазақ-қырғыз шекарасына әзірге ешқандай шектеу қойылған жоқ. «Қазір шекара әзірге ашық. Бірақ Қазақстан полицейлері күшейтілген тәртіпке көшірілді», - деді ол үкімет кулуарында журналистерге.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408