Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 23502 1 пікір 14 Қаңтар, 2016 сағат 12:01

БҰЗЫЛҒАН ҚЫЗ... БӘРІНЕ ЕРКЕКТЕР КІНӘЛІ?

Қарны шыққан еркектердің қыздарға қылмыңдағанын көргенде жүрегім айнып, құсқым келеді.

Масқара, қыздар неге сәбиін дәретханаға, қоқысқа тастай салады деп таңғалып жатамыз ғой. Соншалықты қатігез болуға бола ма деп миымызға сыйғыза алмай дал боламыз. Әрине, қыздардың бұл қылығы еш ақтап алуға келмейді.Бірақ сол қыздарды осындай күйге жеткізген жігіттер мен отбасылы еркектерге жыным келеді. Істерін істеп алып, қыздардың өзі жалаңаш жүреді, көзімізді арбайды деп ақталады. Бірақ сол қыздардың үйден ұзап шыққанда жалаңаш жүруіне жол беріп отырған әкелер мен ағалар емес пе? Он екіде бір гүлі ашылмаған 16-17 жастағы әлі ақыл тоқтатпаған, аналық инстингі оянбаған қыздарды өздерінің нақсүйері ететін де сол қыздардың әкесімен құралыптас қарны шыққан еркектер. Кейде тіпті балалы-шағалы екенімізді біле тұрып кейбір ағаларымыз көңіл көтеруге қалай екен деп тамырымызды басып көргісі келгенде қараптан қарап жүрегім айнып, құсқым келеді.

Қазіргі кезде әйеліне сөзі жүрмейтін еркектер көп. Өйткені олар жар алдында адал емес. Сондықтан әйел де еркегінен жасқанып, балаларын әкесін құрметтеуге үйретуден қалған. Ал әкенің көзінен именіп, ананың сөзін жерге тастамайтын ұрпақ қайдан болсын. 

Күні кеше бір құрбыммен әңгімелесіп отырғанымда ол маған: "Болашақ күйеуіммен жүріп жүрген кезде төсек қатынасына барып қойдық. Сезімге берілгенде адамның суық ақылы қашады ғой. Қайта менің бағым бар екен. Ол көп ұзамай маған үйленді. Өзім көргенді отбасынан шықсам да неге табалдырықты адал аттамадым деп кейін ойландым. Егер сол кезде жігітім мені тастап кеткенде, аяғып ауырлап қалғанда не істер едім. Мен күйеуіме дейін 4 жылдай бір жігітпен жүрдім. Бірақ ол маған қолының ұшын да тигізген емес. Ол жігітті ұнаттым, бірақ болашақ күйеуімді жолықтырғанда оны тастап кете бардым. Біз қыздар өзімізді жақсы көріп, құрметтеген ер адамдардың қадірін біле бермейді екенбіз ғой" деді. 

Ер адамдардың бәрі адал, пәк қыз алғысы келеді, бірақ көпшілігі жыныстық инстингке жеңдіріп, әдемі омырау, бөксе көрсе естерінен адасады. 

Ал сөз басында айтқан қыздардың қатігездігіне оралсақ, психологтар бұл мәселені былай түсіндіреді: 

Ғылымда "әкелік инстинк" деген термин жоқ, "аналық инстинг" деген ұғым бар. Өйткені ер адамдар сұлу қызды көргенде оған үйленіп, ұрпақ өрбітуден бұрын бір сәттік ләззатты ойлайды. Яғни, оларда "жыныстық инстинк" дамыған. Ал қыз балалардың жетілу ерекшелігі әркімде әртүрлі болады. Кейбір қыздардың интеллектісі жоғары, білімді болса да, оның аналық инстингі дамымаған болуы мүмкін. Өйткені отбасында кейде қыздар тым шолжаң немесе ер бала секілді болып өседі. Кейбір аналар қыздарын оқуын оқысын, әлі жас деп не кішкентай бауырларын қарауға, не үйдегі тірлікке араластырмайды. Сондықтан оларда аналық инстинг кеш дамиды. Ал кейбір қыздар керісінше, интелллектісі төмен, сабақты аса жақсы оқымаса да, тұрмысқа бейім, бауырмал болып келеді. Әдетте аналары жасөспірім кезінде ашық сырласып, үлкен адамдар секілді сөйлескен қыздарда аналық истинг жақсы дамиды. 

Бүгінде ішінен шыққан бейкүнә нәрестесін оп-оңай өлімге қиып жүрген қыздардың көпшілігінде аналық инстинк дамымаған. Олардың көбі әке мен шешеден гөрі әлеуметтік желіден "тәрбие" алған.

Өзінің өмірге келгендегі басты міндетті ана болу екенін жете түсінбеген қыздар омырауын ашып, жартылай жалаңаш суреттерін жарқыратып жариялап жүрген "жұлдыздарға" еліктеп, заманға сай өмір сүріп жүрміз деп ойлайды. 

Осындайда еркектерге: "қыздарға тиіспендерші, тек шаштарынан иіскеңдерші, қазақтың әр қызына өз қарындастарыңыздай қамқор болыңыздаршы" деп айтқым келеді. 

Ал қыздар, сіңілдер, "табалдырық аттамай арыңа бекем бол, арыңа берік болмау өліммен тең" деген жазылмаған заңды қатал ұстап, тағдырымызды еркектердің қолына оп-оңай тапсыра салмайықшы!

Айнұр Сенбаева

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610