Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2344 0 пікір 15 Маусым, 2010 сағат 05:06

Атышулы заңдар айналма жолмен қабылданды!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАРЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ - ЕЛБАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДА ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүй­ектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламен­тінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат):

53-баптың 3-тармағының екінші бөлігі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне" деген сөздерден кейін "- Елбасына" деген сөзбен толықтырылсын.

2. "Қазақстан Республикасының Прези­денті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республи­касының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парла­мен­тінің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 343-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 ж., № 12, 82-құжат):

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАРЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ - ЕЛБАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДА ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүй­ектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламен­тінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат):

53-баптың 3-тармағының екінші бөлігі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне" деген сөздерден кейін "- Елбасына" деген сөзбен толықтырылсын.

2. "Қазақстан Республикасының Прези­денті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республи­касының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парла­мен­тінің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 343-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 ж., № 12, 82-құжат):

4-баптың 4-тармағының екінші сөйлемі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне" деген сөздерден кейін "- Елбасына" деген сөзбен толықтырылсын.

3. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламен­тінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат):

1) тақырып "Президенті" деген сөзден кейін "- Елбасы" деген сөзбен толықты­рылсын;

2) кіріспедегі "қалаушылардың бірі, Қа­зақстан халқының бірлігін, Конс­титуцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау­ды қамтамасыз еткен Қазақстан хал­қының көшбасшысы ретінде респуб­лика" деген сөздер "қалаушы, Қа­зақстан халқының бірлігін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бос­тандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен Елбасы ретінде Қазақстан Рес­публикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) бұдан әрі бүкіл мәтін бойынша "Қа­зақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зиден­тінің", "Қазақстан Республика­сы­ның Тұң­ғыш Президентіне", "Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті", "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зиденті", "Қа­зақстан Республикасының Тұңғыш Прези­дентін", "Қазақстан Рес­публикасының Тұң­ғыш Прези­дентімен", "Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президентінің" де­ген сөздерден кейін тиісінше "- Елба­сының", "- Елба­сына", "- Елбасы", "- Елбасы", "- Ел­­басын", "- Елбасымен", "- Ел­басы­ның" деген сөздермен толықтырылсын;

4) 1-бап мынадай редакцияда жа­зылсын:

"1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының мәртебесі және өкілеттігі

Осы Конституциялық заңда Қазақ­стан Республикасы Президентінің Қа­зақстан Рес­публикасының Конституция­сында, "Қазақ­стан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңда және республиканың басқа заңдарында көзделген өкілеттіктерімен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зидентінің - Елбасының саяси-құқықтық мәртебесі, өзі Қазақстан Рес­публикасы Пре­зидентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де Қазақстан Рес­публикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының айрықша құзыреттері мен кепілдіктері айқындалады.

Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бас­тауында тұрған және демократиялық, зай­ырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанды дамытуға аса зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлану құқығына шектеу қолданыл­майды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:

1) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мем­ле­кеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау;

2) Қазақстан Республикасы Парла­менті мен оның палаталарының алдын­да, рес­публика Үкіметінің отырыста­рында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару; Қазақстан Республикасы Консти­туциялық Кеңе­сінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы сая­са­тының негізгі бағыттары бойынша әзірле­нетін бастамалар Қазақстан Рес­публика­сының Тұңғыш Президентімен - Елбасымен келісіледі.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зидентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасауға, Қазақстан Рес­публикасы Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлауға не­месе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зидентінің - Елбасының бейнесін бүлдіруге жол берілмейді және ондай әрекеттер заңмен қудаланады.";

5) 2-баптың 1) тармақшасы "Пре­зиденті" деген сөзден кейін "- Елбасы" деген сөзбен толықтырылсын;

6) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"3-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ешкімнің тиі­суіне болмайды. Ол өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін орындау кезеңінде жасаған, сондай-ақ олар тоқтатылғаннан кейін - Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті - Елбасы деген өз мәрте­бе­сін жүзеге асыруға байланысты іс-әрекет­тері үшін жауаптылыққа тартылмайды. Оны ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, одан жауап алуға не оның жеке басын тексеруге болмайды.

Тиіспеушілік Қазақстан Республи­ка­сының Тұңғыш Президентіне - Елба­сына және онымен бірге тұратын отбасы мүше­леріне жеке меншік құқығымен тиесілі бар­лық мүлікке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызмет үй-жайларына; қыз­меттік көлігіне; байланыс құралдарына; хат-хабарларына; оларға тиесілі құжаттарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке қандай да бір шектеу қойылмайды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зидентінің - Елбасының және оны­мен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік шоттарының банктік құпиялығы мен оларға қол сұғылмауына кепілдік беріледі.";

7) 4-баптың бірінші бөлігіндегі "Кеңсесі құрылады" деген сөздер "- Елбасының Кеңсесі құрылады, Кеңсе өз міндеттерін орындау үшін соның алдында ғана жауапты болады" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"9-бап. Қор, мұражайлар, бюстер,

жеке мұрағат және жеке кітапхана

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті - Елбасы Қазақстан Республи­касы Президентінің өкілеттігін орындаған кезеңде Қазақстан Республи­касы Тұңғыш Президентінің - Ел­басының қорын, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын құрады және қалып­тастырады.

Қазақстан Республикасы Президен­тінің өкілеттігін тоқтатқаннан кейін жеке кітап­хана мен жеке мұрағат Қазақстан Респуб­ликасы Тұңғыш Президентінің - Елба­сының меншігіне өтеді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зидентінің - Елбасының туған же­рінде және Қазақстан Республикасының астана­сында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының мұражайлары құрылады және оның бюстері орнатылады.";

9) 10-баптағы "конституциялық өкілет­тігін" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін" деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 12-бап мынадай редакцияда жа­зылсын:

"12-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз етудің қаржы­ландыру көздері және өзге де мәселелері

Осы Конституциялық заңда көз­дел­ген шығыстарды, оның ішінде Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тұңғыш Президентінің - Елба­сының қорын толықтыру мен ұстауға және оның үй-жайларын күзе­туге, жеке кітап­ханасы мен жеке мұра­ғатын сақтауға көз­делген шығыстарды қаржыландыру рес­публикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республи­касының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүше­леріне тұрғын үй, медициналық, санаторий-курорттық, көліктік және өзге де қызмет көрсетуді уәкілетті мемлекеттік органдар қамта­масыз етеді.".

2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қол­данысқа енгізіледі.

Осы Конституциялық заң Парламент Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың, Парламент Мәжілісінің Төрағасы О.Б.Мұхамеджановтың, Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтің қолдары қойылып тиянақталғандықтан, ол осы Конституциялық заңның құқықтық әдептілігін және оның заңдылығына аталған лауазымды тұлғалардың заңдық жауапкершілігін айғақтайды.

Астана, Ақорда, 2010 жылғы маусымның 14-і. № 289-ІV ҚРЗ

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ - ЕЛБАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДА ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толық­тырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; №15, 92-құжат; 2007 ж., №1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жария­ланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 21 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мынадай мазмұндағы 166-1-баппен толықтырылсын:

"166-1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қол сұғушылық

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Прези­дентінің - Елбасының өміріне оның заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған қол сұғушылық, -

он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостанды­ғынан айыруға жазаланады.";

2) 233-баптың ескертуінің 2-тармағы "163," деген цифрлардан кейін "166-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

3) мынадай мазмұндағы 317-1 және 317-2-баптармен толықтырылсын:

"317-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау

1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Респуб­ликасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру -

айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның екі айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бес айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пай­далана отырып жасалған нақ сол әрекеттер, -

айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында оған немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қандай да болсын нысанда ықпал ету -

бес жылға дейінгі мерзімге бас бостан­дығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

317-2-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі кепілдігін бұзу

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зидентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне ешкімнің тиіспеу­шілігі кепілдігін, оның ішінде мүлкіне, тұрғын және қызметтік үй-жайларына, жеке және қызметтік көлік құралдарына, хат-хабарларына, олар пайдаланатын байланыс құралдарына қол сұғылмаушылық кепілдігін, банктік шоттары­ның банктік құпиялығы мен қол сұғылмау­шы­лығы, сондай-ақ оларға тиесілі құжаттарға қол сұғылмаушылық кепілдігін қандай да болсын нысанда бұзу, -

бес жылға дейінгі мерзімге бас бостан­дығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламен­тінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат):

1) 58-баптың бірінші бөлігі "166," деген цифрлардан кейін "166-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

2) 192-баптың бірінші бөлігі "306-бабында," деген сөздерден кейін "317-1-бабында, 317-2-бабында," деген сөздермен толықтырылсын;

3) 301-баптың 3-1-бөлігі "166," деген цифрлардан кейін "166-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

4) 543-баптың бірінші бөлігі "166," деген цифрлардан кейін "166-1," деген цифрлармен толықтырылсын.

3. "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жария­ланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1-2-баптың 2-тармағында:

6) тармақша "Президенті" деген сөзден кейін "- Елбасы" деген сөзбен толық­ты­рылсын;

7) тармақшадағы "Қазақстан Республи­касының Тұңғыш Президентінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Прези­ден­тінің - Елбасының" деген сөздермен ауысты­рылсын.

4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқ­сандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақ­стан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат):

1) 11-баптың үшінші абзацы "Президенті" деген сөзден кейін "- Елбасы" деген сөзбен, "Первый Президент Республики Казахстан" деген сөздерден кейін "- Лидер Нации" деген сөздермен толықтырылсын;

2) 12-1-баптағы "Тұңғыш Президенті" деген сөздер "Тұңғыш Президенті - Елбасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 34-баптағы "Тұңғыш Президенті" деген сөздер "Тұңғыш Президенті - Елбасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

5. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 15-16, 223-құжат):

тақырып пен мәтін "Қазақстан Республи­касы Тұңғыш Президентінің", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті" деген сөздерден кейін тиісінше " - Елбасының", " - Елбасы" деген сөздермен толықтырылсын.

6. "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Респуб­ликасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 17-18, 70-құжат):

7-баптың 2-тармағы "Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президентіне" деген сөздерден кейін "- Елбасына" деген сөзбен толықтырылсын.

2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жариялан­ғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1 және 2-тар­мақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жа­рия­ланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Осы Заң Парламент Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың, Парламент Мәжілісінің Төрағасы О.Б.Мұхамеджановтың, Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтің қолдары қойылып тиянақталғандықтан, ол осы Заңның құқықтық әдептілігін және оның заңдылығына аталған лауазымды тұлғалардың заңдық жауапкершілігін айғақтайды.

Астана, Ақорда, 2010 жылғы маусымның 14-і. № 290-ІV ҚРЗ

 

 

 

 

 

P.S. Сонымен даулы заң қитұрқы жолмен қабылданды, күшіне енді. Біздің түсінігімізде бұл заң елімізді де, елбасымызды жарылқамайды.  Ол биліктің күштілігін емес, әлсіздігін паш етті. Бұл үміттің емес, үрейдің заңы. Қазақтың осы заңға байланысты пікірін айқын біліп, түсінгендіктен, бұл мақаланың астындағы комменттерді жауып тастауға мәжбүрміз. Наразылығымызды енді үнсіздікпен білдіретін болдық.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440