Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6449 0 пікір 15 Маусым, 2010 сағат 08:55

«АрселорМиттал Теміртау» ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды кейінге қалдырды

Алматы. 15 маусым. ҚазТАГ - Әлемдегі ірі болат құюшы компаниялардың бірі - «АрселорМиттал Теміртау» Теміртауда ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру мерзімін тағы да кейінге қалдырды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі ҚазТАГ агенттігіне.

«Теміртауда жаңа зауыттың құрылысына келетін болсақ, компания бұл жобадан бас тартып отырған жоқ, тек жүзеге асыру мерзімі ғана кейінге қалдырылды», - делінген компанияның ҚазТАГ агенттігінің сұрауына берген жауабында.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі аталмай отыр.

Баспасөз қызметіндегілердің түсіндіруінше, бұл «жобаны мұқият ойластыру» қажеттілігіне байланысты. «Бүгінгі негізгі мәселе - шикізат базасын құру. Қазір индустрия министрлігімен бірге жаңа зауыттың ғана емес, жаңа шахталардың құрылысы бойынша жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта жұмыс тобы құрылды», - деп хабарлайды компания өкілдері.

«АрселорМиттал Теміртау» «жылына 4 млн тонна болатты қосымша өндіруге мүмкіндік беретін жаңа қуаттарды іске қосуды жоспарлап отыр, яғни келешекте Теміртаудағы комбинаттың өндірістік қуаты жылына 10 млн тоннаны құрайды».

Сонымен қатар, тау-кен байыту саласындағы сарапшылардың агенттікке хабарлауынша, бастапқыда зауыттың құрылысын 2009 жылы бастау жоспарланған болатын, бірақ жобаны жүзеге асыру әлемдік қаржы дағдарысына байланысты 2010 жылға кейінге шегерілді.

Бұрын ресейлік БАҚ кәсіпорынның техникалық директоры Вадим Басинге сілтеме жасап, болат құюшы алып Теміртауда жаңа металлургиялық зауыттың құрылысына 2011 жылдан ерте кіріспейтінін хабарлаған болатын. В. Басин мерзімнің кейінге шегерілуін өз шикізатының жетіспеушілігімен және әлемдік болат нарығының тұрақсыздығымен байланыстырған болатын.

Өз кезегінде биылғы жылы наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев зауыттың құрылысы бойынша жұмыстарды 2010 жылдың 1 шілдесінен бастауды ұсынған болатын.

Теміртауда жаңа металлургиялық зауытты жобалауға келісімшартқа «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «Дастүр & Co LTD» компаниясымен арада 2008 жылдың қазан айында қол қойылды. Қуаты жылына 4 млн тонна, құны $7 млрд зауыт болат өндірісін жылына 10 млн тоннаға жеткізуге тиіс.

«АрселорМиттал» компаниясының құрамына кіретін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ - көмір, темір кенін өндіруші, энергетикалық базасы бар интеграцияланған тау-кен-металлургия кешені. Компанияның құрамына Теміртаудағы металлургия комбинаты, Қарағанды облысындағы 8 көмір шахтасы. Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында темір кенін өндіру бойынша 4 кеніші бар.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ полимер, мырыш, алюминий жабындысы бар тегіс және сұрыпты прокат өндірісіне маманданған, сондай-ақ, агломерат, темір кенінің , көмір концентратын, кокс, шойын, болат шығарады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443