Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4572 0 пікір 24 Желтоқсан, 2015 сағат 09:57

"ТҮРІК МӘСЕЛЕСІ" ҰҚШҰ ІШІНДЕГІ АЛАУЫЗДЫҚТЫ КӨРСЕТТІ

Ресейлік БАҚ Мәскеуде өткен ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының соңғы саммиті Реесейдің одақтастары арасындағы алауыздықты байқатты деп жазады.

«Московский комсомолец» газеті кездесудің журналистер үшін жабық есік жағдайында өткенін және «Арменияның өкілі одақтастардың әскери альянсына басшылық ете алмағанын», бұған одақтастардың «мұндай қадам Түркияға қарсы ашық жаулық ниет секілді көрінуі мүмкін есебінде санағаны себеп болса керек»,- деп жазады.

ҰҚШҰ мүше елдерің басшылары «Ислам мемлекетіне» қарсы кең ауқымды антитеррорлық  коалиция құруға шақырса да, Сириядағы ресейлік әскери іс-қимылдарды ашық қолдаған мәлімдемелер жасалмады.

Сарапшы Аркадий Дубновың пікірінше, « Ресейдің посткеңестік кеңістіктегі жақын одақтастарының ішінде, Мәскеудің Сириядағы әрекеттері мен Анкарамен қарым-қатынасына байланысты ортақ көзқарас жоқтығы туралы бұған дейінгі айқын жайт расталды.»

ҰҚШҰ құрамына бұрынғы КСРО-ның алты елі – Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1026
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2576
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 717
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 680