Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3600 0 пікір 24 Желтоқсан, 2015 сағат 08:59

ДОНБАСТА БІТІМГЕРЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІССӨЗ БАСТАЛДЫ

Бүгін Минскіде Украинаның шығысындағы жағдайды реттеуге байланысты үш тарапты кездесуде 23 желтоқсаннан бастап Донбаста тыныштықты сақтау жөнінде келісімге келді.

Бұл жөнінде Киев атынан қатысқан Леонид Кучманың баспасөз хатшысы Дарья Олифер хабарлады. «Бұл бастама ең бірінші Донбастың бейбіт тұрғындары үшін маңызды. Олар Рождество мен Жаңа жыл мерекесін тыныштықта өткізу керек», - деп мәлімдеді ол.

Мұндай келісімді үш тарапты кездесуге қатысқан ЕҚЫҰ өкілі Мартин Сайдик де растады. Ол сонымен бірге журналистерге Донбастағы безендірілген шыршаны көрсетіп, бұл бейбітшіліктің белгісі болсын деген тілек айтты. Алайда ол Украинаның шығысындағы ұрыс аймағының қауіпсіздігіне алаңдайтынын да жасырмады.

Бұл кездесуде қол жеткізген маңызды шешімнің бірі тұтқынға түскендерді босату деп атап өтті ЕҚЫҰ өкілі. Әзірге ұрыс аймағында Минск келісімі әлі толық жүзеге аспай отыр. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373