Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4101 0 пікір 24 Желтоқсан, 2015 сағат 08:48

ӨЗБЕКТЕР ЖАҢА ЖЫЛДЫ ОТБАСЫНДА ОТЫРЫП ҚАРСЫ АЛАДЫ

Тәшкент қаласының хокимияты (әкімдігі) шаһар жұртына Жаңа жылда үйлерінде қарсы алуға кеңес берді. Бірақ мейрамханалар мен ойын-сауық мекемелерінде мерекелеуге тыйым салынбайтынын да ескертті.

Бұның алдында өзбек баспасөзі билік Жаңа жыл түнінде барлық мейрамханаларды жабады деген ақпарат тараған болатын.

«Жаңа жылды біздің елімізде отбасында қарсы алу дәстүрге айналған. Жаңа жылды жақсы көңіл күймен өткізу үшін бұл біздің ұсынысымыз ғана»,- делінген әкімдік таратқан мәлімдемеде.

Өткенде Тәжікстан билігініңе де Шырша мерекесін тойлауға тиым салып жатқанын хабарлағанбыз. Түркменстанда да жағдай солай. Тек Қазақстан ғана Жаңа жылды қарсы алуға ерекше құлшыныс танытып, от шашулар атып, бүйірі солыңқы бюджеттен ақша шашып, Шыршаны шыр айналуда. Қазақстанда бір шыршаны алаңға тұрғызып, безендіру үшін 80 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады екен. Шырша айнаулдан бас тартқан Шымкент қаласының әкімдігі өткенде 80 миллион теңгені балалар үйіне берді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377