Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Өз сөзі 5664 0 пікір 21 Желтоқсан, 2015 сағат 16:13

ПУТИН: КСРО-НЫ КӨКСЕП ЖҮРГЕН ЕШКІМ ЖОҚ

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің ешқашан Кеңес Одағын қайта құруға тырыспағанын және бұған "ешкімнің сенбейтінін" мәлімдеді.

Әлемдік тәртіпке арналған кешегі телевизиялық көрсетілімде Путин: «Украина мен жалпы посткеңестік кеңістікті алсақ, біздің Батыстағы әріптестеріміздің, еуропалық және америкалықтардың көзқарасы Украинаның мүддесін қорғау емес, Кеңес Одағын қалпына келтіруге кедергі жасау екеніне күмәным жоқ және Кеңес Одағын қайта қалпына келтіруді көксемейтінімізге ешкім сенбейді», – деді.

Мәскеу мен Батыстың қарым-қатынасы былтырғы жылдың наурызында Ресей украиндық Қырым түбегін басып алғалы бері және Украинаның шығысындағы қақтығыстардың салдарынан ушығып кетті. Ресей қолдап отырған жікшілдер мен украин әскерилерінің арасындағы соғыстан 2014 жылдың сәуірінен бері тоғыз мыңнан астам адам қаза тапты. Мәскеу украин ұлтшылдары осы өңірде тұратын этникалық орыстар мен орыс тілінде сөйлейтін украиндықтарға қауіп төндіреді деп санайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4937
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4131