Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4549 0 пікір 21 Желтоқсан, 2015 сағат 15:57

ИПОТЕКАҒА СҰРАНЫС АЗАЙЫП, ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖИНАҚ АРТУДА

Баспананы ипотека арқылы алу қымбаттаған соң қазір орта дәулетті адамдар  тұрғын үй құрылысына ақша салып жатыр. «Ranking.kz» сайты ипотекалық несиелеу былтырғы жылы қатты өсіп, өзінің шекті мүмкіндігіне жеткеннен кейін елімізде  2 пайызға, яғни 895,6 млрд теңгеге кеміді деп хабарлайды. Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) алдына ала қаржыландыру қоржынын 2014 жылғы 23 пайыз бен 2013 жылы болған 25 пайыздан осы жылы 22 пайызға дейін азайтты.

«Елімізде орташа еңбекақы көлемі 121 мың теңге екендігін ескерсек, бір бөлмелі пәтерді ипотекаға алған адам тапқан табысының 64 пайызын жұмсайды екен. Осыдан бір жыл бұрын заемшы ипотекаға табысының 62 пайызын, алдыңғы жылы 58 пайызын құятын. Ал енді салыстыру үшін мысалға келтірсек, тұрғын үй құрылысына қаржы салған тұлға, орташа есеппен алғанда, табысынан ай сайын 50,3 мың теңге құйып отырады. Бұл оның   жалақысының 42 пайызына есеп. Орта тап өкілдері несиелеудің осындай жүйесіне сондықтанда қызығушылық танытуда. Тұрғынүйқұрлысжинақ банкінің ЕДБ-нің ипотекалық қоржынындағы үлесі 23 пайыздан 32 пайызға өсіп отыр» деп жазады  «Ranking.kz» сайты.

Кейінгі жылдары тұрғындарды баспанамен қаматамасыз ету үшін берілетін қаржы көлемі (заем) 7 пайызға қысқарды. Ал, «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ-ның алдын ала қаржыландыру қоржыны 75 млрд теңгеге өсті. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 37 пайызға артық өсім.

Абай-ақпарат      

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408