Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3194 0 пікір 21 Желтоқсан, 2015 сағат 09:36

ЕУРООДАҚ ПЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АСТАНАДА КЕЗДЕСЕДІ

Желтоқсанның 21-де Астанада «Орталық Азия – Еуропа одағы» форматында министрлер кездесуі өтеді.

Еуропа делегациясын Еуропа одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини бастап келеді, ал Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан тараптарына аталған елдердің сыртқы істер министрлігінің  басшылары жетекшілік етеді.

Өзбекстан СІМ хабарлауынша, күн тәртібіндегі мәселе – «түрлі саладағы аймақаралық әріптестікті әрі қарай дамыту, халықаралық және аймақтық түйткілді мәселелер туралы пікір алмасу».

Сапар барысында Қазақстан мен Еуропа одағы арасында әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қойылады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4924
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124