Арқалықта спорт зал шатырының қирауға ұшырауына құрылыс нормаларын бұзу себеп болған – арнайы комиссия
Қостанай. 16 маусым. ҚазТАГ - Арқалықта балалар мен жасөспірімдер орталығы спорт залы шатырының қирауға ұшырау себептерін анықтаумен айналысып жатқан комиссия нысанның құрылысы құрылыс нормалары мен ережелерін бұзу арқылы жүргізілген деген қорытындыға келді. Бұл туралы Арқалық әкімдігі хабарлады.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 114 ш.м шатырдың қирауы 1988 жылы салынған ғимарат іргетасының отыруынан және орталық шатырының негізгі бағаналарының бірінің қирауынан болған», - деп мәлім етті комиссия мүшелері.
Облыс әкімі Сергей Кулагиннің нұсқауымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Виктор Мейстер «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының бір қабатты спорт залы ғимаратының қирауға ұшыраған бөліктерін аршу жұмыстарын басқарды.
Енді Арқалық басшылығы мәдени, спорт, балаларға арналған ғимараттардың барлығында қауіпсіздік бойынша тексеру шараларын жүргізбек.
Бұрын хабарланғандай, Қостанай облысының Арқалық қаласында орналасқан «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы спорт залының шатыры 14 маусымда түске қарай қираған. Оқиға кезінде спорт залында ешкім болмаған.