Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4747 0 пікір 18 Желтоқсан, 2015 сағат 18:05

«АСТАНА ЭКСПО – 2017 ҰК» АҚ ПЕН ОҚО 10 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Жақында «Астана ЭКСПО – 2017 Ұлттық компаниясы» АҚ мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жалпы сомасы 10 миллиард теңгені құрайтын  меморандумға  қол қойды.

ОҚО орталығы Шымкент қаласында өткен бұл шараға «Астана ЭКСПО – 2017 Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов мырза мен облыс әкімінің орынбасары қатысты.


Аталған меморандумға қол қою шарасы аясында Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының мамандандырылған тауар өндіруші компанияларының көрмесі ұйымдастырылды. Ал бұл көрмеге 50-ден астам отандық компания өз тауарларын ұсынды.

Олардың қатарында трансформаторлар, кераминка өндірісі, бөлшек-құрылыс материалдары, қолөнер, тігін өнеркәсібі мен электр жабдықтарын әзірлейтін компаниялар бар.  Сонымен қатар, туристік компаниялар өңірдің барлық қонақжайлылығын қамтитын үш күндік және бес күндік турлар туралы арнайы көрсетілім жасап, презентациялар ұсынды.


Өз кезегінде өңірдегі жас өнер тапқыштар «жасыл энергетика» бағытындағы  туындыларын ұсынды.

Сондай-ақ, іс-шаралар барысында «Астана ЭКСПО – 2017 Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов мырза өңірдегі еріктілер тобымен де кездесіп, «ЭКСПО - 2017» көрмесінде қызмет ететін еріктілердің маңызы зор екенін атап айтты.

«Біз «ЭКСПО - 2017» көрмесін тамашалауға келетін қонақтарымызға көрме билеттерімен қоса арнайы турлар ұйымдастырып отырмыз. Бұл арқылы өзге мемлекеттерден келетін қонақтарымыз Қазақстанның өңірлерін аралап, Қазақстан халқының қонақжайлығымен де танысатын болады. Сондықтан біз өңірлердегі туристік компанияларды қоян-қолтық жұмыс жүргізуге шақырамыз»,-деді «Астана ЭКСПО – 2017 Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов мырза.


Кездесулер барысында жалпы сомасы 10 миллиард теңгені құрайтын 5 меморандум мен 7 келісімге қол қойылды.

Айта кетейік, қазіргі таңда «Астана ЭКСПО – 2017 Ұлттық компаниясы» АҚ еліміздің 13 облысымен және Астана, Алматы қалаларымен меморандумға қол қойған. Соның ішінде 232  отандық тауар өндіруші кәсіпорындармен жалпы сомасы 23 миллиард теңгені құрайтын келісімге қол қойылған.


Естеріңізге сала кетейік, «Астана ЭКСПО – 2017 Ұлттық компаниясы» АҚ 2013 жылдың 15-қаңтарында Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын реттеу мақсатында құрылған. Ал аталған көрме 2017 жылдың 10-маусымы мен 10-қыркүйек айлары аралығында Астана қаласында өтеді деп жоспарланған.

Ал Астанада өтетін  Халықаралық «ЭКСПО - 2017» көрмесіне ұзын саны 100 мемлекеттен 10-нан астам халықаралық ұйымдар және инновациялық технология саласы бойынша әлемнің ең үздік 10 компаниясы қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, «Астана ЭКСПО – 2017» көрмесіне елімізден және шетел елдерден 2-5 миллионнан астам тамашалаушы келеді деп жоспарланған.

Қосымша мәліметтерді: «Астана ЭКСПО – 2017 Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен ала аласыздар. тел.:+7(7172) 919463, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439