Сәрсенбі, 21 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2456 0 пікір 16 Маусым, 2010 сағат 10:04

ҚР құқық қорғау органдары Қырғызстанның 250 азаматына елдеріне оралуға көмек көрсетті

Астана. 16 маусым. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР құқық қорғау органдары Қырғызстанның 250 азаматына елдеріне оралуға көмек көрсетті, деп мәлім етті ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов.

Оның айтуынша, 15 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Үкібай ата елді мекенінде Қонысбаев кеден бекетінде Қырғызстанның 254 азаматы болған, оның 124-і Бішкектен, 130-ы Ресейден келе жатқан.

«Барлығы тұрақты тұратын жерлері - Қырғызстанның Ош облысына бет алған және Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын заңды түрде кесіп өтуге ниеттенген. Бірақ өзбек кеденінің қызметкерлері оларды өткізбеген. Ішкі істер органдары ҰҚК шекара қызметімен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп аталған азаматтарды Жамбыл облысындағы Қордай кеден бекеті арқылы елдеріне қайтару бойынша шараларды қолға алды», - деді Қ. Жұманов сәрсенбі күні брифингте журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында.

Оның нақтылауынша, Қырғызстан азаматтарының арасында әйелдер мен балалар болған.

«16 маусымда таңғы сағат 5-те Қырғызстанның 254 азаматы үш автобуспен, 9 жеңіл көлікпен, 23 шағын автобуспен Қордай бекетіне жеткізілді. Осыдан кейін олар шекара арқылы өткізілді», - деп нақтылады Қ.Жұманов.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2776
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4514