ҚАРАЛЫ КҮНДІ ҚАЛАЙ ТОЙЛАП ЖҮРМІЗ?
Тоңдырды мені
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
16-17 желтоқсанды қаралы күн деп жариялап, бұл күні мемлекеттік туды төмен түсіріп, Көтерілісте қаза тапқан боздақтарға Құран бағыштап еске алуымыз керек. Қалайша қан төгілген күнді жайбарақат тойлап өткіземіз.
Тәуелсіздік күні мен Желтоқсан екі түрлі ұғым. Желтоқсан көтерілісі - менің жүрегімде жібімес шер болып сақталып тұр. Қарғыс атқыр келімсектер Қазағымның қыз-жігіттерін қынадай қырып, қанын судай ағызып, қыздарды шаштан сүйреп мұзға тірі жалаңаш жатқызған, еркектерді қойдай сабап, гүрзі етікпен итше тепкілеп тастаған күнді қалай ғана түк болмағандай шад-шадыман болып өткіземіз. Тәуелсіздік күні деп тойлап, ойнап жүруге арым жібермейді. Желтоқсан - қасіретті ай, ұмытылмас қанды күн. Бұл Желтоқсан әр Қазақтың жүрегінде осылай сақталып қалуы керек. Негізі Желтоқсанды тасада тығып ұстамай бүкіл халық болып ақиқатын ашып тастайтын кез келді. Шындықпен бетпе-бет жүздесетін кез-келді. Желтоқсанда қаза тапқан боздақтардың әруағын сыйлап, ел болып аза тұтып еске алайықшы...
Беглан Шарынбай
Facebook-тегі парақшасынан