Баткендіктер Жалал-Абад облысындағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтті
Баткен. 18 маусым. ҚазТАГ - Баткен облысынан Жалал-Абад облысындағы жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шеккендерге 8 КамАЗ автокөлігімен гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды ҚызТАГ тілшісі.
Облыстық мемлекеттік әкімшіліктік баспасөз қызметінен хабарлағандай, гуманитарлық жүк Тәжікстан Республикасының Соғда облысы көрсеткен көмегі болып табылады.
«Біз гуманитарлық көмекті Жалал-Абад облысына жеткізу шығындарын өз мойнымызға алдық, жүк көліктері ол жерге ертең жетуге тиіс», -деді облыстық мемлекеттік әкімшіліктің баспасөз хатшысы Мамажан Бердішев.
Сондай-ақ, ол Өзбекстан Республикасының Сох шекара отряды гуманитарлық көмекті анклав аумағымен еш кедергісіз алып өту үшін дәліз беруге келісті.
«Бүгін облыс мешіттеріндегі жұма намазында Ош және Жалал-Абал облысындағы қайғылы оқиғаларда қаза болғандарға дұға оқылды», - деді М. Бердішев.