Павлодар облысы Қызыл әскер ауылдық округының төрт тұрғынына «бруцеллез алдын ала диагнозы қойылды
Павлодар.18 маусым. ҚазТАГ - Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қызыл әскер ауылдық округы Черное ауылының төрт тұрғынына «бруцеллез» алдын ала диагнозы қойылды. Бұл туралы Лебяжі ауданының әкімі Серік Әпсәліков мәлім етті.
«Бұл - ересек адамдар, бүгін таңертең олардан сынама алынып, облыс орталығындағы БАК-зертханаға жөнелтілді», - деді аудан әкімі.
Оның мәліметтеріне сәйкес, ауданда мал дәрігерлерінің нұсқауымен қажет шаралар жүргізілді. Бруцеллезге шалдықты деп күдіктеліп отырған 44 қой оқшауланды, Павлодар облысының БАК-зертханасында сынама жүргізу үшін екі қой сойылды.
Бруцеллез - Brucella бактериялары тудыратын жұқпалы ауру; адамға үй жануарларынан жұғады. Адамдағы бруцеллезді толқынды безгек, мальталық безгек, жерортатеңізі безгегі, Банга індеті деп те атайды.