Сейсенбі, 6 Қазан 2026
Жаңалықтар 5632 0 пікір 3 Мамыр, 2016 сағат 11:03

Сот полиция отбасын қырып салған күдіктілерді тұтқындады

Ресейде Самара облысы Сызрань аудандық соты ІІМ аймақ бойынша басқарма штабының басшысы орынбасары Андрей Гошта мен оның отбасын түгелдей қырып салған үш күдіктіні тұтқындады.

Отырыс жабық есік жағдайында өткен. Сызрань ауданының прокуроры Евгений Ирха журналистерге күдіктілердің бәрі Әзербайжаннан шыққанын айтқан. Оларды тергеу абақтысына екі айға қамаған.

Гошта мен оның отбасы мүшелерінің өлі денелері 24 сәуірде үйлерінде табылған. Тек жеті жастағы қыз бала ғана аман қалған. Оны ауыр халде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген. Тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин оқиғаға қарақшылық шабуыл деген болжам айтады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 847
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1136