Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3255 0 пікір 21 Маусым, 2010 сағат 11:12

Мемлекеттік айыптау СӨП экс-басшы орынбасары Тұржановқа 10 жыл, статагеттіктің бұрынғы төраға орынбасарларына 6-дан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрайды

Астана. 21 маусым. ҚазТАГ- Мемлекеттік айыптаушы сауда-өнеркәсіптік палатаның (СӨП) экс-басшы орынбасары, «Киік» ЖШС құрылтайшысы Серік Тұржановқа халық санағын жүргізуге деп бөлінген қаражаттың талан таражға түсуіне септігін тигізгені үшін 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.  

«Тұржановқа мүлкін тәркілеп, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, және 7 жыл бойына мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырып, 10 жылға сотталсын», - деді прокурор Астанадағы Есіл аудандық №2-ші соттағы дүйсенбі күнгі пікіріталаста.

Сонымен қатар статагенттік төрағасының бұрынғы орынбасарлары Бірлік Меңдібев пен Нұрман Баяновқа тиісінше 6 және 7 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Прокурордың пікірінше, Н. Баяновты «басқаның сеніп тапсырған мүлкін аса ірі мөлшерде талан-таражға салу бойынша айыпты деп танып, 7 жылға мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айыра отырып, мүлкін тәркілеп, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтіндей үкім шығарылуы керек».

Еске сала кетсек, аталған тұлғалар 2009 жылы 2-ші маусымда ұлттық санаққа қажет заттарды алғандағы тендерді жүргізгенде, бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен тұтқындалған болатын.

Н. Баянов орындаушы ретінде, ал Б. Меңдібаев пен С. Тұржанов - мемлекеттік қаражатты ұрлауға септігін тигізгендер деп айыпталады. Тергеу барысында ұлттық халық санағын жүргізуге бөлінген 1 млрд 144 млн теңге бюджет қаржысынан арнайы мақсаты бойынша 379 млн теңгесі ғана жұмсалғандығы анықталды. Қалған 764,8 млн теңгені агенттіктің лауазымды қызметкерлері және жекеменшік кәсіпорын басшылары жымқырған.

2009 жылдың күзінде қаржы полициясы статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғап, бірақ ол бұл уақытта жасырынып үлгерген болатын. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. Мекеменің арнайы өкілі Мұрат Жұманбайдың мәлімдеуінше, А.Мешімбаева Қазақстанда болған кезде оны ұстауға дәлелдер жеткіліксіз болған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354