Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5214 0 пікір 15 Сәуір, 2016 сағат 09:25

Қазақстанда жер шетелдіктерге сатылмайды

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді.

Журналистермен тілдескен Мамытбеков жердің «тек Қазақстан азаматтары мен жергілікті компанияларға сатылатынын» айтты.

«ҚазАқпарат» агенттігі Мамытбековтың:«Қазақстанның жер кодексі мен өзге де заңдарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің шетелдіктерге сатылмайтыны туралы жазылған», — деген сөзін келтіреді.

Өткен айдың соңында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың 1 шілдеден бастап, аукцион арқылы 1,7 миллион гектар жердің сатылатыны туралы сөзінен кейін әлеуметтік желілерде жерді шетелдік қалталылардың сатып алатыны туралы түрлі жорамалдар мен пікірлер айтыла бастады. Досаев сонымен бірге жерді жалға алып отырғандарға оның кадастрлық құнынан 50 пайызға арзан бағамен, 10 жыл жеңілдік мерзімімен сатылатынын да айтқан еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485