Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3167 0 пікір 15 Сәуір, 2016 сағат 09:21

Мәскеуде мигранттар жаппай уланды

BBC тамақтан уланған Орталық Азиядан, негізінен Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген жүзден астам мигранттың Мәскеу ауруханаларына жеткізілгенін хабарлайды.

Ресейлік «ЭТМОС» коммерциялық емес әріптестігінің президенті Каримджон Еровтың айтуынша, 140 шақты жұмысшы тауық еті қосылған картоп пюресінен уланып қалуы мүмкін. Тамақты мигранттар істейтін құрылыс фирмасы жалдаған аспаздар дайындаған.

«Жұмысшылар жұмыс орнынан айырылып қалудан қорқып, болған оқиға туралы ашық айтудан қорқады. Кеше кешкілік полиция қызметкерлері де оқиғаны түсіруге кедергі келтірді. Жүзден астам алам ауруханаға түсті. Жедел жәрдем көлігі көпшілігін аманалып қалу үшін көшеде көмек көрсетіп жатты», - деді Еров.

Бұған дейін ресейлік билік орындары бірқатар құрылыс фирмаларын қарапайым тазалық талаптарын, еңбек қауіпсіздігін сақтамағаны және жұмысшылардың тамағымен демалысына салғырт қарағаны үшін талай сынаған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485