Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3525 0 пікір 14 Сәуір, 2016 сағат 10:50

Шекарадағы мәміле: тәжіктерге – су, қырғыздарға – мұрап

Тәжікстанның Исфар және Қырғызстанның Баткен билігі "Чилгази" каналын басқаруды мұраптардың қолдарына берді. Олар енді егістікті суғаруды өзара бөлісетін болады.

Исфар мен Баткендегі су шаруашылығы басқармасы "Чилгази" каналының суын екі елдің шекара аймағындағы ауылдарға өзара бөлу жөнінде келісімге келді. Енді судың 80 пайызын Тәжікстан пайдаланса, қалған 20 пайызы Қырғызстанға тиесілі болады.

Қазір суды бөліп беруге жауапкершілікті Карабог қырғыз ауылының тұрғындарына жүктеген.

22 шақырымға созылатын "Чилгази" суландыру каналы Исфар өзенінен бастау алады. Оның көмегімен шамамен 400 гектар қырғыз жері мен 1000-нан астам Лаккон және Исфар жамағатының жерін суғарады. Канал өткен ғасырдың 50-жылдарында салынған.

Шекараның екі тарабының халқы енді суға байланысты талас осымен аяқталады деп үміттенеді. Исфардың 80 мың және Баткеннің 7 мың тұрғыны судың жетіспеуінен көптеген жылдар бойы ауыл шаруашылығына жарамсыз болып жатқан жерлерін баптай алады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511