Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3102 0 пікір 14 Сәуір, 2016 сағат 10:44

Ереванда РФ елшілігі жанында наразылық акциясы өтті

Ереванда Ресейдің Әзербайжанға қару-жарақ сатуына қарсылық білдіріп жүздеген адам көшеге шықты. Акцияға қатысушылардың пікірінше, бұл қадам 2 сәуірдегі Таулы Қарабақтағы ұрысқа әкеліп соққан.

Қарсылық білдірушілердің дені жастар, олар Армения астанасындағы Ресей елшілігінің жанына келіп, "Позор!", "Азат, тәуелсіз Армения!" деген ұрандар айтып, айқайлады. Енді бірі елшілік ғимаратына жұмыртқа лақтырып, полиция өкілдерімен қақтығысты.

​Алдын хабарланғандай, 2009-2011 жылдардағы келісімге сәйкес, Ресей Әзербайжанға құны 4 миллиард доллар тұратын қару-жарақ, жауынгерлік танкілер, әскери ұшақтар сатқан.

Армения үкіметі Таулы Қарабақта орын алған армян-әзербайжан қақтығысынан кейін Ресейдің Әзербайжанған қару-жарақ жеткізуін жариялы түрде айыптаған.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев өткен аптада Ереванға барған сапарында Әзербайжанға қару-жарақ сатуын қақтығыс аймағында "әскери баланс" сақтау үшін жасалды деген. Ол егер Мәскеу Армения мен Әзербайжанға әскери техника сатпаса, онда екі тарап бәрібір де өзге мемлекеттерден сатып алушы еді деп мәлімдеген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502