Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3294 0 пікір 14 Сәуір, 2016 сағат 10:43

Украинада жаңа үкіметті құру жөнінде келісімге келді

Бүгін Киевте Украинаның жаңа премьер-министрі Владимир Гройсман мен үкімет мүшелерін ресми түрде жариялайды.

Гройсман мен оның үкіметі коррупцияға қатысты және елдің шығысындағы Ресей қолдау білдіретін сепаратистерге қарсы ұрыс төңірегіндегі жанжал аясында 10 сәуірде отставкаға кеткен Арсения Яценюк үкіметін алмастырады.

Яценюктің "Народный фронт" партиясы 10 сәуірден бастап президент партиясы, Петр Порошенко блогымен министрлер кабинетін жасақтауда келісімді бастаған.

Украина парламентінің бірнеше мүшелері бірнеше күнге созылған тартысты талқылаудан кейін ортақ келісімге келгендіктерін жариялаған. Олар әзірге денсаулық сақтау министрінен басқа үкімет мүшелерінің аты-жөні белгілі болғанын да айтқан.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4916
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113